Денсаулық

Коронавирустың әсері азаяды – Жақсылық Досқалиев

  • Коронавирустың әсері азаяды – Жақсылық Досқалиев

    Коронавирустың әсері азаяды – Жақсылық Досқалиев

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсылық Досқалиев коронавирусқа қарсы вакцина індеттің әсерін азайтады деп есептейді.

«Вакцина &ndash коронавирусты жұқтырмаудың алдын алудың бірден-бір жолы, қорғаныс құралы. Қазір әлемде вирусқа қарсы бірнеше вакцина тіркеліп үлгерді. Біздің QazCovid-in қазақстандық вакцинасы  сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Осы орайда бірқатар шенеунік &ndash Асхат Аймағамбетов, Бердібек Сапарбаев, Ерлан Қарин секілді азаматтардың оны ерікті ретінде салғызғанын естіп, біліп отырмыз. Өз басым бұны құптаймын», &ndash дейді Жақсылық Досқалиев.
Оның айтуынша, алдағы уақытта коронавирус жойылмайды, вакцина арқылы оның әсерін азайтуға болады.

«Менің ойымша, коронавирус мүлдем жойылып кетпейді. Болашақта сынақтан өткен вакциналардың арқасында оның әсерін азайтуға болады. Оған халықты жаппай вакциналау арқылы қол жеткізуге болады. Жұрттың 80% -ында ұжымдық иммунитет қалыптасқан кезде вирус бәсеңдеп, оның зияны азаяды. Ел азаматтары дәрігерлердің ақыл-кеңестеріне құлақ түріп, санитарлық-қауіпсіздік шараларын сақтаса, індетті жеңу де қиын емес. Бәрі өзімізге байланысты», &ndash дейді Бұрынғы денсаулық сақтау министрі.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 10 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу жоспарланып отырғанын айтқан болатын. Әлемде бірінші болып тіркелген ресейлік «Спутник V» вакцинасы елімізде өндіріле бастады. «Спутник V»-ны жаппай егу 2021 жылы ақпан айында басталады.

aikyn.kz




Көрілген: 2865    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.01.2021, 17:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31