Денсаулық

Коронавирустың екінші толқынына қалай дайындалу керек? – дәрігер кеңесі

  • Коронавирустың екінші толқынына қалай дайындалу керек? – дәрігер кеңесі

    Коронавирустың екінші толқынына қалай дайындалу керек? – дәрігер кеңесі

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын өсіп келеді. Кей облыстар жағдай күрделенгендіктен карантин шараларын қолға алды. Осы орайда MedSupportKZ волонтері, Назарбаев университетінің түлегі, медицина ғылымдарының докторы Ботагөз Каукенова коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда не істеуге және жұқтырып алмау жолы жайлы қазақстандықтарға өз кеңесін береді, деп жазады Tengrinews.kz.

1. Бір ауырған адам қайта ауыруы мүмкін бе?

Иә. Дәл қазір бұл жағдай түсініксіздеу. Бір ауырған адам қайта ауыруы мүмкін, бірақ жеңіл немесе ауыр болуы қандай факторға байланысты екені анық емес. Сондықтан бір ауырған адам «енді ауырмаймын» деп ойламау керек. Маска тағып, қолын жиі жуып, арақашықтықты сақтап, барлық сақтық шараларын ұстануы қажет.


2. Мен барлық сақтық шараларын ұстанудамын, тағы не істеуім керек?

Адамдардың психологиялық көңіл-күйіне де әсері бары жазғы пандемия кезінде байқалды. Оқшаулану мен қашықтан жұмыс жасау адамдардың күндік режиміне өзгеріс енгізді. Егер үйден жұмыс жасайтын болсаңыз, күнделікті режимді ұстануға тырысыңыз.

&bull бір уақытта ұйықтап, бір уақытта тұрыңыз.

&bull таңғы ас, түскі ас пен кешкі асыңызды үстел басында ішіңіз. Дәл бұрынғыдай тамақтаныңыз. Бірақ денсаулыққа зиянды тағамдарды тұтынбаңыз.

&bull жалғыз тұрсаңыз да ағайын-туыс, дос-жаранмен жиі хабарласып тұрыңыз. Видеоқоңырау арқылы сөйлесуді де жоспарлаңыз.

&bull егер локдаун болса, онда отбасымен бірге уақытты көңілді өткізетін түрлі ойын-сауық түрлерін әзірлеңіз. Үстел ойындары, би, кітап оқу, кино қарау және т.б.

&bull егер бір өзіңіз тұратын болсаңыз, видоқоңыраудан бөлек, әлеуметтік орта құрсаңыз болады. Ол 5-6 адам болып, сақтық шараларын сақтай отырып кездесіп, пікір алмасу.

Екінші толқын алдында не істеу керек?

Өзіңізде бар созылмалы дерт болса, алдын алыңыз. Терапевтке тексерілмеген болсаңыз, дәл қазір барыңыз. Статистика бойынша, коронавирустан көп зардап шеккендер &ndash созылмалы дерті барлар. Егер дәрігер тізімінде болсаңыз, онда дәрігеріңізге хабарласып, ем-дом жайлы кеңес алып отырыңыз.

Дәріханадан не сатып алу керек?

Егер сіз ем алып жатсаңыз, оны жалғастыруды тоқтатпаңыз. Одан өзге үйге өзіңізге қажетті біршама дәрілерді алып қоюды да ұмытпаңыз. Әрине, тым көп емес. Өзіңізге және отбасыңызға жетерліктей ғана:

&bull бірнеше парацетамол немесе ибупрофен;

&bull тамақ ауруына көмектесетін пастилкалар;

&bull мұрынды жууға арналған тұзды ерітінді;

&bull термометр, мүмкіндік болса пульсоксиметр де;

&bull ішек ауруларына қажет болатын метоклопрамид немесе ондансетрон алып қойған да артықтық етпейді. (Бірақ бұл дәрілерді дәрігер айтуымен ғана ішіңіз!)

Кез келген дәріні ішерде оны қандай жағдайда ішу керек, қанша ішу керек, қандай жағдайда ішпеу керек және кері әсері жайлы түсіндірмені міндетті түрде оқып шығыңыз.

Иммунитетті қалай көтеруге болады?

Өкінішке қарай, иммунитетті сіздің денеңіздегі деңгейден жоғары көтеру қиын. Бірақ сіз оған оңтайлы деңгейде жұмыс істеуге көмектесе аласыз. Көптеген адамдар үшін жақсы иммунитеттің негізі &ndash дұрыс тамақтану, жаттығу және дұрыс ұйқы.

Фастфуд, майлы және тәтті тағамдардарды көп тұтынбаңыз.

Спортпен барынша шұғылдану да мақсат емес. Бастысы &ndash күн сайын 10-15 минут уақытыңызды бөліп жаттығулар жасап тұрғанның да пайдасы зор.

Түнде уақытылы ұйықтап, күндіз сергек жүріңіз. Сергек жүру үшін көбіне 6-8 сағаттық ұйқы пайдалы.

MedSupportKZ волонтерлері деген кімдер?

MedSupportKZ &ndash бұл әртүрлі мансап сатысындағы 95 жас қазақстандық ғалымның жобасы. Олар қазақстандық және шетелдік университеттерде жұмыс жасайды. Мамандар дәрігерлер үшін маңызды зерттеулерді аударуға көмектеседі, қазақстандықтарға жадынамалар дайындайды және дәрілер туралы кей ақпараттарды тексереді. Олардың Instagram және Telegram парақшалары сілтемеде.

massaget.kz




Көрілген: 619    Пікірлер: 0

сенбі, 14.11.2020, 09:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31