Денсаулық

Коронавирустың жаңа белгілері: құлақтағы шу, шаштың түсуі

  • Коронавирустың жаңа белгілері: құлақтағы шу, шаштың түсуі

    Коронавирустың жаңа белгілері: құлақтағы шу, шаштың түсуі

COVID-19 &ndash аз зерттелген вирус. «Сондықтан індет қауіпті саналады», &ndash дейді мамандар.

Мәселен, бұған дейін коронавирус жұқтырған адам екінші рет ауырмайды деген түсінік қалыптасты. Алайда әлемнің бірнеше елінде індеттен айығып шыққандардың қайтадан ауру жұқтырғаны белгілі болды. Енді ғалымдар аурудың жаңа белгілері жайлы хабарлап жатыр. Уақыт өте келе індетті анықтаудың түрлі тәсілдері шыға бастады. Финляндия әуежайында адамның вирус жұқтырғанын ПТР- тестен де тез анықтайтын әдіс табылған.

Қазір Финляндия әуежайында тәжірибе жүргізіліп жатыр. Оған сәйкес жолаушыларды тексеруге иттер жұмылдырылған. Мамандар бұл әдістің жоғары тиімділігі жайлы айтып отыр.

Коронавирустың жаңа белгілері: құлақтағы шу, шаштың түсуі

Коронавирус аз зерттелгендіктен, ғалымдар уақыт өте келе оның жаңа белгілері жайлы хабарлап жатыр. Мәселен, құлақтағы шу. Ұлыбританиядағы Энглия Раскин университетінің мамандары зерттеу жүргізген. Оған 48 елден 3 мыңнан аса адам қатысыпты. Солардың 40%-і құлақтарындағы шу жайлы айтқан. Індетпен ауырмай тұрып, шу мазалаған адамдар жағдайдың одан бетер ушығып кеткенін мойындаған.

Бұған дейін британдық ғалымдар коронавирустың ауыр формасымен ауырған әрбір сегізінші науқаста есту қабілетінің нашарлағаны жайлы мәлімдеген. Ал АҚШ дерматологтарының қауымдастығы коронавирус кесірінен шаш түсуі мүмкін екенін айтады. Жапон ғалымдары да ұқсас белгілер туралы мәлімдеген. Дегенмен бұл зерттеулер нәтижесінде анықталғанымен, әлі нақты ғылыми дәлелі жоқ. Бірақ қалай болғанда да, мамандар сақтыққа салғырт қарамауға шақырады. «Кейін жасанды шаш таққаннан, қазір маска киген дұрыс», &ndash дейді.

Юлия Галлямова, медицина ғылымдарының докторы: &ndash Коронавирустың ауыр формасымен ауырған немесе пневмония диагнозы қойылған науқастарда шаштың қатты түсуі байқалған. Антибиотиктерді қабылдау кезінде не болмаса пирогенді реакция салдарынан шаштың өсуі баяулайды. Кейде тіпті қатты түсе бастайды. Бірақ уақыт өте келе бәрі қалпына келуі тиіс.

Үндістан ғалымдары: коронавирустан болған өлімге экологияның да әсері бар

Ғалымдар ауаның ластануы да коронавирустан көз жұму деректерінің артуына әсер ететін хабарлайды. Тиісті халықаралық зерттеу нәтижесі «Cardiovascular Research» журналында жарияланған.

Мақалада ең күрделі жағдай Чехияда деп жазылған. Бұл елде коронавирусқа қатысты өлімнің 29%-і лас ауадан келген. Үндістан мамандары да экологиялық жағдай мен эпидемиологиялық ахуал арасында байланыс барын айтады. Олардың алаңдауы бекер емес. Өйткені ел астанасы Нью-Дели әлемнің ең лас қалаларының бірі саналады.

Радж Лошан, эпидемиолог: &ndash Қыста респираторлық аурулар саны артады. Олардың қатарына коронавирусты да жатқызуға болады. Италия мамандары ауадағы зиянды заттар мен коронавирусқа қатысты кісі өлімі арасында байланыс барын дәлелдеді. Өйткені COVID-19 жұқтырған науқастар ластанған ауамен тыныс алса, аурулары асқынып кетуі әбден мүмкін.

Финляндияда иттер коронавирусты анықтайды

Финляндия астанасы Хельсинки әуежайында қазір коронавирусқа байланысты тәжірибе жүріп жатыр. Мұнда жолаушылардың індет жұқтырған-жұқтырмағанын иттер анықтайды. Мамандардың сөзінше, бұл әдіс тиімділігін көрсеткен. Тәжірибеге 16 ит қатысып жатыр. Әуежайға келген жолаушылар денесін майлықпен сүртеді де, оны құтыға салады. Құтыдағы материалды иттер иіскеп, егер күдікті жағдай туындаса, бірден белгі беретін көрінеді. Сосын жолаушы ПТР-тест тапсыруға жіберіледі. Мамандардың түсіндіруінше, респираторлық аурулар кезінде адам денесінің иісі өзгереді. Иттер ауруды осы белгі арқылы анықтайды екен. Хельсинки әуежайындағы тәжірибе желтоқсанның аяғына дейін жалғасады.

Анна Хильм-Бьеркман, Хельсинки университетінің профессоры: &ndash Қызметтік иттердің індетті анықтау қабілеті өте жоғары. Олардың көмегіне жүгіну әуежайлардағы ПТР-тесттердің әлдеқайда арзан әрі жылдам баламасына айналуы мүмкін.

Тайваньда зертханалық тексерулерді роботтар жүргізеді

Финляндияда коронавируспен күреске иттер тартылса, Тайваньда роботтар жұмылдырылған. Олар зертханашы қызметін атқарады. Тың технология Тайбэй қаласындағы ауруханалардың бірінде және бірнеше үкіметтік емес мекемеде қолданылып келеді. Мамандардың айтуынша, бұрын тест нәтижесі кемі 2 күн дайындалса, бүгінде роботтардың арқасында ол уақыт әлдеқайда қысқарған. Бұл сондай-ақ қызметкерлердің вирус жұқтыру қаупін де азайтады.

Арвин Чжэнь,TCI компаниясының өкілі: &ndash Робот күніне коронавирусқа қатысты 2 мың сараптама нәтижесін тексеріп шығады. Оны әуежайларда қолдануға болады. Сонда жолаушылар қауіпсіздігіне алаңдамай-ақ емін-еркін саяхаттай алады. Бұл экономиканы қалпына келтіруге көп көмегін тигізеді.

Ал Ұлыбританияда тесттер мен дәрі-дәрмекті жеткізу үшін дрондар кеңінен қолданылып жүр. Бұл тасымалдау жұмыстары кезінде ауру жұқтыру қаупін азайтады. Тіпті уақыт мен ақша үнемдейтін көрінеді.

24.kz




Көрілген: 379    Пікірлер: 0

сенбі, 07.11.2020, 02:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31