Денсаулық

Коронавирустың қауіпті делінген жаңа штамына «Омикрон» деген атау берілді

  • Коронавирустың қауіпті делінген жаңа штамына «Омикрон» деген атау берілді

    Коронавирустың қауіпті делінген жаңа штамына «Омикрон» деген атау берілді

Ғалымдар «біз көрген аурудың ең жаманы» деп атаған коронавирустың жаңа штамының таралуы туралы хабарламадан кейін көптеген шекаралар жабылып, рейстер тоқтатылды және бүкіл әлемде нарық құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
ДДҰ шұғыл отырысында «қауіп тудыратын» жаңа нұсқаны ресми түрде жіктеп, оған «Омикрон» деген атау берді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, вирус Израиль мен Еуропаға жеткен. Ресей билігі жаңа нұсқаның таралуына байланысты жұма күні Африканың сегіз мемлекетінің, Мадагаскар мен Гонконг азаматтарына елге кіруге тыйым салды. Ковидтің таралуына қарсы күрес бойынша жедел штабтың хабарламасында шектеу 28 қараша күні сағат 00:00-ден бастап енгізіледі. Шектеу қойылған мемлекеттер тізімінде ОАР, Ботсван, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Эсватини және Танзания бар. Еске салсақ, Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың 1.1.529 атауы бар жаңа мутациясы анықталған еді. Бұл нұсқа бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы әбден мүмкін екендігі айтылды.
inform.kz




Көрілген: 626    Пікірлер: 0

сенбі, 27.11.2021, 10:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31