Денсаулық

Коронавирустың қауіпті түрінің себебі анықталды

  • Коронавирустың қауіпті түрінің себебі анықталды

    Коронавирустың қауіпті түрінің себебі анықталды

Швециядағы Каролин институтының ғалымдары адамның иммундық жүйесінің ауыр COVID-19-дың дамуына ықпал етуінің мүмкін себебін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қауіпті асқынулардың себебі болуы мүмкін белгілі бір иммундық жасушалардың қалыпты емес әрекеті туралы Science Immunology журналында жарияланған мақалада жазылған.

Зерттеу барысында мамандар орташа (10 адам) және ауыр (17 адам) дәрежеде коронавирус жұқтырған 27 пациенттің қан үлгілерін талдады. Бақылау тобы ретінде 17 сау адамның қан үлгілері пайдаланылды. SARS-CoV-2 жұқтырған кезде табиғи өлтірушілер (NK жасушалары) деп аталатын цитоуытты лимфоциттер ерте белсендірілетіні белгілі болды, бірақ олар COVID-19-дың ауыр және орташа ағымында әртүрлі жұмыс істейді.

Ауыр науқастардың NK жасушалары, әдетте, перфорин ақуыздарының, NKG2C және Ksp37-нің жоғары көрінісін көрсетті, бұл зерттеушілердің пікірінше, бейімделгіш табиғи өлтірушілердің жоғары деңгейін білдіреді. Бейімделген NK жасушалары басқа NK жасушаларына қарағанда мақсатты жасушаларды тиімді түрде өлтіре алады.

Қазіргі уақытта зерттеушілер COVID-19 ауыр түріне ықпал етуі мүмкін екенін NK жасушалары арқылы иммундық реакцияның қаншалықты дәрежеде болатынын және ауыр дәрежедегі науқастарда қалай байқалатынын зерттеп жатыр.




Көрілген: 267    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.08.2020, 13:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31