Денсаулық

Коронавирустың іздері пандемия басталғанға дейін жарты жыл бұрын байқалған

  • Коронавирустың іздері пандемия басталғанға дейін жарты жыл бұрын байқалған

    Коронавирустың іздері пандемия басталғанға дейін жарты жыл бұрын байқалған

Италиялық ғалымдар 2019 жылғы қыркүйектегі пациенттердің қан үлгілерінен SARS-CoV-2 коронавирусының іздерін тапты. Бұл Қытайдағы Уханьда алғашқы инфекция тіркелгенге дейін бірнеше ай бұрын болған. Жұмыс нәтижелері SAGE journals журналында жарияланды.

COViD-19-ға қарсы антиденелері 2019 жылдың қыркүйегі мен 2020 жылдың наурызы аралығында өкпе обырына скринингтік тексеруден өткен симптомсыз пациенттердің 959 үлгісінің 111-де анықталды. Бұл ретте антиденелер табылған үлгілердің 14%-ы қыркүйек айында алынды, ал 30%-дан астамы ақпанның екінші аптасында болды. Пациенттердің 50%-дан астамы Ломбардияда өмір сүрген, бұл - Италиядағы коронавирустан ең көп зардап шеккен аймақ.

 Мамандар елдегі алғашқы инфекция жағдайы Қытайдан келген саяхатшыдан 2020 жылдың қаңтарында анықталғанын еске салды. Вирустың өршуі Қытайдың Ухань қаласында 2019 жылдың желтоқсанында болды және сол жерден бүкіл әлемге таралды.

Алайда, ғалымдар анықтаған COViD-19-ға қарсы антиденелер суық тиюді тудыратын туыстас вирустар әсерінен де пайда болуы мүмкін.  Енді мамандар коронавирустың "туыстарының" әсерінен туындайтын кросс-иммунитеттің ықтималдығын, сондай-ақ сынамалардың ластану мүмкіндігін жоққа шығару үшін қосымша зерттеулер жүргізуі керек.

stan.kz




Көрілген: 399    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.11.2020, 18:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31