Денсаулық

Қостанай облысында тегін дәрілер кімдерге беріледі

  • Қостанай облысында тегін дәрілер кімдерге беріледі

    Қостанай облысында тегін дәрілер кімдерге беріледі

Қостанай облысы Қоғамдық бақылауының жұмысы Жітіқара қаласында жалғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тұрғындары Жітіқара аудандық ауруханасының жұмысына сын айтып, мәселе көтерген. Атап айтқанда, тұрғындар өздеріне тиесілі дәрі-дәрмектерінен қағылып жатқандарын сөз еткен. Іске Қостанай облысының Қоғамдық бақылау тобы араласты. Олар полиция өкілдері және волонтерлермен бірге 23-27 қараша аралығында Жітіқараға барып, ауруханадағы жағдаймен танысты.

«Жітіқаралық тұрғындардың әлеуметтік желілердегі шағымдарын зерттедік. Олар дәрігерлердің жұмысына сын айтып, үйде өздігімен емделіп жатқандарға препараттардың жеткізілмей жатқанын хабарлаған. Әрине, бұл тұста учаскелік мамандар мен халық арасында түсінбеушілік туындаған. Қазір дәрігерлердің жағдайын түсінуге болады, уақыт жағынан үлгірмей жатыр. Екіншіден, тұрғындарға да тиісті түсінік жұмыстары жүргізілмеген. Жалпы медициналық препараттар барлығына тегін емес. Тегін дәрі тек емханада жатқандарға, жағдайы қиын пациенттерге беріледі. Ал үйде оқшауланған науқастар өздерінің қалталарынан қаржы шығарып, дәрі-дәрмек сатып алулары тиіс. Бұл жерде ешкімді кінәлауға болмайды. Тек халыққа ақпараттық-насихаттау жұмыстарының дер кезінде жүргізілмегенінен осындай мәселе туып отыр», - деп атап өтті

Қоғамдық бақылау тобының жетекшісі Несібелі Бәсенова. Қоғамдық бақылау тобы Жітіқара ауруханасының кіреберісіндегі термометрияның жоқтығын ескертті. Сондай-ақ қабылдауға кезекте тұрған пациенттер арасында қашықтықтың сақталмауы анықталған. Бұл мәселе аурухананың бас дәрігеріне жеткізілді.




Көрілген: 608    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 20:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31