Денсаулық

Қостанай облысында вакцинацияны тоқтатуға мәжбүр болды

  • Қостанай облысында вакцинацияны тоқтатуға мәжбүр болды

    Қостанай облысында вакцинацияны тоқтатуға мәжбүр болды

Қостанай облысында вакцинацияны тоқтатуға мәжбүр болды. Өйткені аймақта "Спутник V" вакцинасы таусылып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Емханалар мен ірі сауда орталығындағы бекеттерде ресейлік Спутник-V дозалары бітіп қалған. Мұның себебі - індетке қарсы екпе қабылдауға ниет білдірушілердің көбеюі. 

Өңірде иммундау кезеңі басталғалы отыз мыңдай адам вакцина салдырған.

Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің мәліметінше, екпенің кезекті легі осы апта аяғында жеткізілуі тиіс.

"Вакцинаның бірінші компоненті таусылды. Нұр-Сұлтан қаласына тапсырыс жолданды. Ертең 5 мың доза жеткізіледі. Сәуірдің 25-26-сы күндері 21 мың, ал 28 сәуірде 6 мың доза күтіп отырмыз", - деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып жатқан "Спутник-V" вакцинасының тиімсіз екенін айтқаны туралы ақпарат тарады.




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.04.2021, 08:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30