Денсаулық

Ковидтен де қауіпті вирус пайда болады – ДДСҰ

  • © REUTERS / Christopher Black/WHO

    © REUTERS / Christopher Black/WHO

Ерте ме, кеш пе адамзат жаңа пандемиямен бетпе-бет келеді, ол қазіргіден қауіптірек болады, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.

 

"Бұл вирусқа қарағанда едәуір жұқпалы және өлім-жітімді көбейтетін тағы бір вирус пайда болады", - деді ол ДДСҰ-ның 74-сессиясының ашылуында.

 

Ұйым басшысының пікірінше, вирустармен күрес мемлекеттердің бәсекеге түспей, керісінше бір-бірімен ынтымақтастықта болуы керектігін көрсетіп отыр. 

 

"Шындығында, біздің алдымызда таңдау тұр: бірлесіп әрекет етеміз немесе қорғансыз болып қаламыз", - деп аяқтады Гебрейесус.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы 24 мамырдан 1 маусымға дейін виртуалды форматта өтеді. Оның басты тақырыбы –  COVID-19 пандемиясына қарсы күрес және денсаулық сақтау саласындағы жаңа жаһандық төтенше жағдайлардың алдын алу. Ассамблея жұмысына бүкіл әлемнен делегациялар қатысып жатыр.

 

 

 

sputnik.kz

 




Көрілген: 3679    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.05.2021, 01:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31