Ковидтен жазылғаннан кейінгі екі апта денсаулық үшін екіталай кезең – Lancet

03 тамыз 2021, 16:40

Коронавирустан жазылғаннан кейін алғашқы 2 аптада оны жұқтырған адамның жүрек-қан тамырлары ауруы асқынып, өміріне қауіп төнуі мүмкін.

 

Бұл туралы Швециядағы Умео университеті ғалымдарына сілтеме жасаған «Ланцет» медициналық журналы хабарлады.

 

Зерттеу барысында ковид-19 жүрек пен қан тамырларымен байланысты кеселдердің асқыну қаупін 3 есеге арттырған.

 

Аталған жобаға 87 мыңға жуық науқас қатысқан.

 

Авторлар мұны «осы бағытта жүргізілген ең ірі зерттеу» деп жариялады.

 

 

 

24.kz