Денсаулық

Көз шаршауын қалай басу керек? Дәрігердің кеңестері

  • Көз шаршауын қалай басу керек? Дәрігердің кеңестері

    Көз шаршауын қалай басу керек? Дәрігердің кеңестері

I-BALAQAI жобасында нейроофтальмолог Сәуле Шыныбаева көру қабілетін ұзақ сақтауға ықпал ететін жаттығу түрлерін көрсетті. Сондай-ақ маман қашықтан оқу кезде баланың жұмыс үстелін қалай ұйымдастыру керегін айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбатты жазбаша нұсқасын дайындады.  

Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. 

"Нейроофтольмологтар үшін көз миды көретін терезе секілді, яғни біз көз арқылы жүйке жүйесінің жағдайын, тек көзбен байланысты емес, сондай-ақ жүйке жүйесімен байланысты түрлі ауруды көре аламыз - ми, бас миы, жұлын деген секілді. Сондай-ақ солармен байланысты түрлі ауруды көре аламыз, демек, біздің көз арқылы миды көре алатынымыз туралы түсінік рас", - дейді Сәуле Шыныбаева.  
Офтальмолог пен нейроофтальмологтың айырмашылығы неде? Спикердің айтуынша, офтальмологтар көбіне көз ауруларын анықтаса, нейроофтальмологтар неврология мен офтальмологияның ортасында жүреді:

"Нейроофтальмологтар неврологтар мен нейрохирургтардың арасындағы маңызды көмекшілер, себебі олар көз арқылы адамның жүйке жүйесінің жағдайын біле алады. Олар мамандарға бас миының қандай да бір бөлігінде ісік не гематома барын айта алады", - дейді маман. 
Қандай симптомдар пайда болған кезде нейроофтальмологқа жүгінген дұрыс?

  • Бір көзіңіз, кейде тіпті екі көзіңіз де көрмей қалған кезде;
  • Қабақтың біреуі түсіп, птоз пайда болғанда;
  • Суретке түскенде бір көзі үлкенірек, бір көзі кішірек екенін байқағанда;
  • Бас қатты ауырып, орталық көру қабілеті төмендеп, бүйірлік көру өрісі төмендей бастағанда

Балалардағы көз аурулары

Сирек кездесетін ауруларға ата-аналары білмейтін туа біткен ауытқулар жатады, себебі олар көздің ішінде орналасқандықтан оны тек маман анықтай алады.

Жиі кездесетін көз патологиясы - ол жаңадан туған сәбилердегі дакриоцисти. 

"Эмбриогенезде көз-мұрын каналында бала туғанда жылаған кезде жарылып кететін қабықша болады. Оның жартысы жарылады. Соңғы уақыттары көптеген сәби дакриоциститпен туылады. Бұл патология, ол көз-мұрын каналы жұмыс істемей, жас көзден шықпай, көз алмасында жинала бастайды. Ол жерде болотадағыдай бактериялар көбейіп, баланың көзі іріңдей бастайды", - дейді дәрігер. 
Егер ата-аналар сәби кірпіктері бір-біріне жабысып оянғанын байқаса, офтальмологқа жүгінген дұрыс. 

Маман үй жағдайында баланың көзін көк шайдың ерітіндісімен жылы күйінде сүртіп шыққан дұрыс екенін айтады. 

"Егер көздің іріңдеуі тоқтамаса, міндетті түрде дәрігерге жүгіну керек", - дейді Сәуле Шыныбаева. 
Балаларда жиі кездесетін тағы бір ауру - алыстан нашар көру, яғни миопия. Ол балаларды емдеп, жаттығу жасап, арнайы препарат беру қажет. 

Сондай-ақ Сәуле Шыныбаеваның ата-аналар баласы екі жасына дейін 100 пайыз көрмейтін жағдайда өорықпауы керегін айтады. Шын мәнінде, балалар 1 жасына дейін ересектердің көру қабілетінің тек 30-40 пайызын көреді. 100 пайыздық көру қабілеті тек 4 жасына қарай қалыптасады.  

Қашықтан оқу кезде баланың жұмыс үстелін қалай дайындау керек?

  • Кез келген экранмен арақашықтық 40-50 сантиметрден кем болмауы керек;
  • Бала отыратын үстелге дейінгі арақашықтық 30-40 сантиметр болуы керек;
  • Бала отыратын орындықтың арты болуы керек;
  • Бала бүкірленіп отырмауы керек (арқаны түзу ұстап тұратын корректорды қолдануға болады);
  • Экранның жарығы орташа болуы керек;
  • Сәулелендіруден қорғауға арнайы көзілдірік тағуға болады.

"Сондай-ақ ата-аналар бала компьютердің алдында 30 минуттан артық отырмауы керегін түсінуі керек. Бала әр жарты сағат сайын демалуы керек", - дейді маман. 

Демалыс кезінде көзге арналған жаттығу жасауға болады: төмен-жоғары, оңға-солға қарап, сағат бағыты бойынша және керісінше көзді айналдыру керек.  

Сондай-ақ мойын бұлшық еттерден шаршауды бас айналдыру арқылы басуға болады.

Сәуле Шыныбаева көз бұлшық етіндегі шаршауды басуға болатын техниканы бөлісті. Ол 20 Ереже деп аталады:

  • Көзіңізді экранның жоғарғы жағынан 10 сантиметр жоғары көтеру қажет;
  • Тік қарап, 20-ға дейін санау керек;
  • Содан кейін көз алмасын қатты қысып, қайтадан 20-ға дейін санау керек;
  • Келесі қадам - ​​алақанның артқы жағын жылдам айналмалы қозғалыстармен бір-біріне ысқылау.


Видеосұхбатты I-BALAQAI YouTube-каналынан көруге болады. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Zhuldyz FM, Tengri FM және VOSTOK FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкаст түріндегі материалды SoundCloud, Anchor.FM, Яндекс.Музыка және "ВКонтакте" желісінде тыңдай аласыздар.




Көрілген: 822    Пікірлер: 0

сенбі, 24.10.2020, 01:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30