Көз тигеннен емделу қиын емес

Көз тигеннен емделу қиын емес

Кейде адамның бірден мазасы қашып ауыратыны бар. Ондайда қанша жерден сенгіміз келмесе де көз тиді ме деп күдіктенетініміз жасырын емес. 

Кешегі аптада кішкентай нәрестем қатты ауырды. Ыстығы түспей, үш күн қиналдық. Дәрігерлер неше түрлі дәрі-дәрмек жазып бергенімен одан еш шипа болмады. Ақырында көршілердің кеңесімен Айша есімді бала «үшкіретін» апаға алып бардық. «Балаға көз тигенде тамағы ауырады, ыстығы шығады. Назарланып қалған ғой», – деп білген дұғасын оқыды. Сосын бізге төмендегідей кеңес берді. 

«Қызым, Пайғамбарымыз екі немересі Хасан мен Ху­сейн­­ді көз тиюден сақтау үшін мына дұғаны оқыған екен: «Уьизукумә би-кәлимәтил-ләһит-тәммәти мин кулли шәйтанин уа һәмматин, уә мин кулли ьайнин-ләммәһ». Қазақша мағынасы: «Сендерді бүкіл шайтаннан, әрі түрлі зиянкестерден және сұқ көзден сақтай гөр деп Алланың кәміл сөздерімен сыйынамын». 

Бұл – сәбиді тіл-көзден сақтауға арналған дұға. Той-томалаққа немесе сәбиді сырт жерге апарарда дәрет алып, балаңыздың атын айтып, жоғарыдағы дұғаны оқығаныңыз дұрыс. Тіліңіздің икемі келмесе қазақша мағынасын айтуға да болады. 

Алда-жалда көз-сұқ болса, сәбидің арқасында немесе бетінде қара дақтар пайда болады. Емшек­ ембей қалады. Омыраудан шыққан бала болса,­ аузына­ тамақ апарсаң, басын алып қашады. Бұл өткір көз тигендегі жағдай. Ал көз жанай немесе жеңіл тисе бала мазасызданып, ыстығы көтеріліп, тамаққа бұрынғыдай тәбеті тартпай, тек сүтті ғана қорек етеді. Көңілі жабырқау тартып, айналасында болып жатқан нәрселерге елең етпейді. Еш нәрсеге зауқы соқпай, жата береді. Дәрігерлер көз тиген балаға ешқандай диагноз қоя алмайды. Бұл меди­циналық жолмен емдейтін ауру емес. 

Балаңызға көз тиді деп күмәндансаңыз, онда былай ету керек: Егер балаңызға көзі тиген адамды мөлшерлеп білсеңіз, (кейде үйіңізге бір ғана қонақ келіп, балаңыз ауырып қалатын жағдай болады ғой), оған жағдайды түсіндіріп айтып, жеңіл дәрет алғызып, дәрет суымен баланы шомылдырсаңыз, дереу сауығады. 

Ал көзі тиген адам белгісіз болған жағдайда, онда «Фатиха», «Ықылас», «Фәлаһ», «Нас», «Аятул күрсі» сүрелерінің біреуін оқып, денесін толықтай сипалап шығасыз. Немесе «Фатиха», «Ықылас», «Фәлаһ», «Нас», «Аятул күрсі» сүрелерінің біреуін таза суға оқып, балаға ішкізесіз. 

Сіздің балаңызға біреудің тіл-көзі тиеді екен, ал сіздің тіл-көзіңіз біреудің баласына тимей ме? Әрине, тиеді. Ол үшін не істеу керек? Бөтен баланың әдемілігіне қатты сүйсініп, таңқалған жағдайда: «Алланың құді­реті», «Алланың жаратқаны» деп айту қажет. Ақиқатында өз көзіңіз бен сөзіңіздің сұғын қай­таратын бірден-бір амал – оның тек қана Алла тарапынан болғанын айту». 

Айша апаның айтқан ақылын әрбір жас ана жадында ұстаса екен. Балаларымыз ауырмасын, ағайын!

 С. ИКРАМҚЫЗЫ

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста