ҚР Бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

31 желтоқсан 2021, 19:50

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың Ashyq жобасын енгізу туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Объектілерде Ashyq жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын», - делінген Е. Қиясов қаулысында.

 

Осы орайда құжатта адамдар көптеп жиналатын 40-қа жуық нысан белгіленген:

 

1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;

 

2) спа-орталықтары;

 

3) моншалар, сауналар, бассейндер;

 

4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;

 

5) боулинг клубтары;

 

6) кинотеатрлар;

 

7) театрлар мен филармониялар;

 

8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, банкет залдары;

 

9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;

 

10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

 

11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;

 

12) бильярд клубтары;

 

13) концерт залдары;

 

14) ерікті қатысушылар;

 

15) караоке;

 

16) көрмелер;

 

17) океанариум;

 

18) марафондар;

 

19) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;

 

20) әуежайлар;

 

21) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;

 

22) балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;

 

23) цирктер;

 

24) отельдер, қонақ үйлер;

 

25) халыққа қызмет көрсету орталықтары;

 

26) теміржол вокзалдары және автовокзалдар;

 

27) (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, (азық түлік емес) сауда желілері;

 

28) сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері;

 

29) балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);

 

30) букмекерлік конторалар;

 

31) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;

 

32) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен 12 жастан бастап балаларда QR-кодты сканерлеп, ерікті түрде тіркеле отырып));

 

33) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;

 

34) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);

 

35) діни объектілер;

 

36) ойын клубтары (казино);

 

37) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы;

 

38) түнгі клубтар;

 

39) банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері. Қаулының толық мәтінін мына жерден көре аласыздар.