Денсаулық

"Кішкентай қыздың жеңісі": Қатерлі ісікке шалдыққан Алима Көпейдің ата-анасы қуанышты бейнежазбамен бөлісті (видео)

  • "Кішкентай қыздың жеңісі": Қатерлі ісікке шалдыққан Алима Көпейдің ата-анасы қуанышты бейнежазбамен бөлісті (видео)



Алима Көпейдің ата-анасы қуанышты бейнежазбамен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 



Қатерлі ісікке шалдыққан бүлдіршіннің ата-анасы жақсы жаңалығымен бөлісіп, желідегі парақшасында жазба қалдырған. Соңғы химиясынан кейін жағдайы оңалған Алиманың ата-анасының қуанышында шек жоқ. Олар қасынан табылған жандарға алғыстарын жаудырды.


"Біздің оқиғамызға қатысы бар әрбір мейірімді адамға дұға-тілектеріңіз, қолдауларыңыз, ниеттеріңіз үшін алғыс айтамын. Дәл қазір ғана оқиғамыздың қаншалықты ғажап екенін сезіне бастағандаймын. Кішкентай қыздың жеңісі әлемді тәнтті етті. Қайғылы кездерімізде жанымызда болғандарыңызға, қуанышымызды бөліскендеріңізге рахмет", - деп қуанышымен бөлісті Алиманың анасы.


Ауруды жеңген Алима Көпей алғашқы бала болып жазылу қоңырауын соқты. Қазір оның жағдайы жақсарып, онкомаркері қалыпты нормаға түскен. Қазір қыздың денсаулығы ойдағыдай.



"Бүгін ғажап күн. Мен  өмірді жақсы көремін. Сен ғажапсың. Соңғы химиядан соң, өзіміз жатқан бөлімшедегі қоңырауды сылдырлаттық. Онкомаркеріміздің деңгейі қалыпты жағдайға келді. Алима қоңырау соққан алғашқы бала болды", - дейді бүлдіршіннің ата-анасы.


 



 

 




Көрілген: 291    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.06.2019, 11:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31