Денсаулық

Құлсарыда вирусты инфекциядан 3 жасар бала көз жұмды: Тағы біреуі емделіп жатыр

  • Құлсарыда вирусты инфекциядан 3 жасар бала көз жұмды: Тағы біреуі емделіп жатыр

    Құлсарыда вирусты инфекциядан 3 жасар бала көз жұмды: Тағы біреуі емделіп жатыр

6 қаңтарда Құлсарыдағы медициналық мекемеде 3 жасар қыз бала көз жұмды. Тағы бір 3 жасар ер бала Атырау қаласына жіберілген. Бұл туралы Жылыой аудандық ауруханасы директорының орынбасары Клара Тағамбаева айтты деп жазады "Ақ Жайық" басылымы. 

Әлеуметтік желілерде Жылыой ауданынан Атырауға коронавирустың ауыр түрімен ауырған бірнеше баланың түскені туралы ақпарат пайда болды. Құлсарының 6 айлық және 6 жастағы тұрғындары комаға түскені айтылған.

Алайда Клара Тағамбаеваның сөзінше, аудандық ауруханада өте қиын деп бағаланған екі жағдай болған. 5 қаңтарда емдеу мекемесіне екі бала жеткізілген.

3 жасар қыз бала аса ауыр жағдайда түскен. Бүлдіршінде құрыспа, диарея, сусыздану, жоғары дене қызуы, бас миының ісігі болған. 

"Мұның барлығы вирусты инфекцияның салдары. Нейротоксикоз дамып кеткен", - дейді аудандық аурухана директорының орынбасары.

Кішкентай пациентті облыс орталығына жеткізу мүмкін болмағандықтан, мамандар Құлсарыдан санавиациямен әкелінген. Ақ халаттылардың барын салғанына қарамастан баланы құтқару мүмкін болмапты.

Дәрігер 3 жасар ер баланың да ауыр жағдайда болғанын атап өтті. Ол жоғары дене қызуы, құрыспа, бас миының ісігімен түскен. Бүлдіршін Атырауға жеткізіліп, қазіргі уақытта ем қабылдап жатыр.

Балалардан COVID-19-ға сынама алған, ол теріс нәтиже көрсеткен.

Клара Тағамбаева кішкентайлар бір отбасының баласы емес екенін, сушиден уланып қалған Құлсары тұрғындарына еш қатысы жоқ екенін айтты. 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1781    Пікірлер: 0

сенбі, 09.01.2021, 00:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31