Денсаулық

Күн көзі коронавирусты өлтіре ме – қазақстандық инфекционист жауап берді

  • Күн көзі коронавирусты өлтіре ме – қазақстандық инфекционист жауап берді

    Күн көзі коронавирусты өлтіре ме – қазақстандық инфекционист жауап берді

Жазда адамдар бір жерде жиналып отырмайды, үйді жиі желдетіп жатады, бұның бәрі вирустың таралуына жол бермейді, деп есептейді Баешева

Қазақстанның жетекші инфекционист дәрігері Динагүл Баешева жаз уақытында коронавирустың қалай таралатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жазда күн көзі қатты. Ал ультракүлгін сәулелер көптеген патогендік вирус пен бактерияны өлтіреді. Әрине, бұл – жақсы жаңалық. Бірақ маңызды бір мәселені ұмытпауымыз қажет. Бұл вирус тыныс алу жолдарындағы жасушалар арқылы таралады. Ол жерге ультракүлгін сәулелер түспейді. Мәселе сонда", - деді Баешева бүгінгі онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда пойыздар 1 және 10 маусымда іске қосылады

Оның айтуынша, жазда адамдар бір жерде жиналып отырмайды. Көшеге шығып, бір-бірінен алшақ жүреді. Ал үйде отырса, терезе мен есікті жиі ашып, желдетіп жатады. Бұның бәрі вирустың таралуына жол бермейді.

"Дегенмен, арақашықтықты сақтау қажет. Адамдар бір-бірінен кем дегенде бір метр алшақ жүруі керек. Негізі талап бойынша 1-2 метр болуы шарт. Біздің негізгі мақсатымыз – вирусты бір-бірімізге таратпау. Ал инфекцияны көбейтпеу үшін оның тізбегін үзу керек. Бұл ретте гигиенаны да ұмытпағанымыз жөн", - деп атап көрсетті Баяешева.




Көрілген: 390    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.05.2020, 17:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31