Күнде ішіп жүрміз: Тіске зиянды сусындар

06 маусым 2022, 10:35

Күнде ішіп жүргені сусындардың кейбірі тіске аса зиян. Солардың кейбіріне тоқталып өтейік.

Лимон қосылған су адам ағзасына өте пайдалы, әрине. Алайда мамандардың айтуынша, лимон су тіске зиян көрінеді. Себебі лимон судың қышқылы тісжегіні құртып, қызыл иекті қабындыруы мүмкін. Егер ауызда не тісте жара болса, онда лимон қосылған судан барынша аулақ болыңыз. Өйткені қышқыл сусын жараны қабындыруы ықтимал.

Егер лимон суды ішкіңіз келсе, онда түтікпен тіске тигізбей ішуге болады дейді мамандар.

Алма қосылған сірке су да тіске зиян. Ағзаны тазалауға, арықтауға көмектесетін сусындардың бірі. Алайда мұның қышқыл көрсеткіші жоғары болғандықтан, тістің қорғаныс қабатын бүліндіріп шіруге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ асқазан мен тамақты да қабындыруы ықтимал.

Кәдімгі шырынның тіске зиян екенін бәріміз білетін шығармыз. Оған газдалған, түрлі-түсті, жеміс шырындары да кіреді. Арасында диеталық сусындар да бар. Шырында қант көп. Ал қант – тістің қас дұшпаны. Қант тіпті азу тісті де құртып жіберуі мүмкін. Сондықтан шырынды тек ара-тұра ішкен абзал.

massaget.kz