Денсаулық

Күнделікті ішетін сусынымыз аса қауіпті болып шықты

  • © Sputnik / Жания Уранкаева

    © Sputnik / Жания Уранкаева

Гарвард университетінің ғалымдары жүздеген адамның қатысуымен ауқымды зерттеу жүргізді. Құрамында қанты бар сусындардың жүрек-қан тамырлары сырқаттары мен обырға алып келетіні дәлелденді, делінген MedicalXpress баспасөз хабарламасында.


Ғалымдардың айтуынша, күніне қант қосылған төрт сусын ішкен әйелдерде өлім қаупі күрт артады.

Мамандар 1980-2014 жылдары 80 647 әйел мен 1986-2014 жылдары 37 716 ер адам қатысқан зерттеудің қорытындысын талдады. Қатысушылардың денсаулығы әр екі жыл сайын тексеріліп отырған.


Айына 1-4 қантты сусын ішкен адамда өлім қаупі 1 пайызға артады. Ал аптасына 2-6 сусын бұл көрсеткішті 6%-ға, күніне 1-2 - 14%-ке, күніне 2 сусыннан асса, 21 процентке ұлғайтады. Сусынның салдары ерлерге қарағанда, әйелдерде көбірек байқалған.


Жастай өмірден озудың басты себебі – қан-тамыр аурулары. Тәтті сусындарды жиі ішетіндерде бұл қауіп 31 процентке артық. Сусынның әрқайсысы бұл қауіпті 10 пайызға ұлғайта түседі.


Зерттеу кезінде қант алмастырушы қосылған сусындарды ішу өлім қаупін азайтатыны анықталды. Алайда оны да мөлшерден тыс (күніне төртеу) пайдалану өмірді қысқартады.


Sputnik


 




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.03.2019, 15:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31