Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Күрделі жағдай келуі мүмкін – Алматы эпидемиологы ескертті

08 ақпан 2021, 10:45

Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова санитарлық-эпидемиялық нормалардың сақталуы, коронавирус статистикасы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Алматы қаласы қазір жасыл аймақта. Яғни, қауіп сейілді деген сөз бе?

- Алматы қаласының жасыл аймақта болуы күн сайын денсаулық сақтау мекемелерінің арнайы мониторинг жүйесінде тіркелетін аурулар санының азайғанын айғақтайды. Бірақ жұқтыру қаупі азаяды деп айтуға болмайды, өйткені COVID-19 арнайы сақтық шараларын сақтамаса, тез таралу қарқынына ие. Сондықтан Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің соңғы қаулысымен қаладағы сары аймаққа сәйкес шектеулер белгіленді.

- Қала тұрғындары қандай қауіпсіздік шараларын сақтау тиіс? Вирустан қорғану тәсілдері әлі де күшінде ме?

- Қала тұрғындары сақ болуды біледі: салтанатты іс-шараларды өткізуден бас тарту, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, барған жағдайда медициналық бетперделердің қолданылуын қамтамасыз ету, қолдарын таза ұстау, қолдарын бетіне тигізбеу, жеке гигиенаны сақтау, қолдарын мұқият жуу, қол гигиенасын сақтау мүмкіндігі болмаған жағдайда санитайзерлер қолдану.

- Статистика бойынша жасыл, қызыл, сары аймақтар қалай анықталады?

- Эпидемиялық ахуал аймақтары Денсаулық сақтау министрілігінің Қоғамдық денсаулық ұлттық орталығында арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен анықталады. Бұл аймақтарды анықтау жұмысына біз кірісе алмаймыз. Аталған орталық зертханалық нәтижелердің мониторингтік есеп деректерін тіркелген оң нәтижелер санын, аймақ халқының санын және басқа да коэфициентерді ескере отырып, күнделікті талдау жасайды.