Денсаулық

"Құрт пен айран денсаулыққа қауіпті"

  • "Құрт пен айран денсаулыққа қауіпті"

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан тұзды ең көп тұтынатын елдердің бірі екенін мәлімдеді. Бұл туралы БҰҰ Жаңалықтар қызметі хабарлады.


Соңғы жылдары ДДСҰ қолдауымен үш зерттеу жүргізіліп, Қазақстан әлемдегі тұзды ең көп тұтынатын елдердің бірі екені анықталған. Мамандардың айтуынша, елде әрбір адам күніне 17 г тұз тұтынады, бұл ДДСҰ ұсынған нормадан төрт еседей артық көрінеді.


"Қазақстанда тұзды тұтыну деңгейінің жоғары болуына тарихи және заманауи үрдістер себеп болып отыр. Бұрын адамдар тұзды азық-түлікті – әсіресе ет пен шұжықты, сондай-ақ құрт, айран сияқты ашытқы сүт өнімдерін сақтау мерзімін ұзарту үшін пайдаланды", - деп жазылған ДДСҰ хабарламасында.


Зерттеу көрсеткендей, Орталық Азияда дәстүрлі тұзды тағамдарды өндіру үрдісі әлі де жалғасып келеді, ал өңделген азық-түліктердің пайда болуы жағдайды одан сайын нашарлатып жіберген.


ДДСҰ азық-түліктің бұл зиянды бөліктері созылмалы аурулардың көбеюіне әкелетінін ескертті.


"Дәрігерлер Қазақстан халқы дұрыс тамақтану, әсіресе тұзды тұтынуға қатысты ұсынымдарды ескермейтін болса, бұл жүрек-қан тамырлары аурулары, семіздік, екінші типті қант диабеті мен онкологиялық аурулардың артуына әкелетінін ескертеді", - деп атап өтті ДДҰ мамандары.


qamshy.kz




Көрілген: 793    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.03.2019, 12:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31