КВИ. 100-ден астам адам жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

21 қазан 2021, 09:52

ДСМ еліміз бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 21 қазандағы ақпаратты жариялады.

21 қазандағы мәлімет бойынша 51 318 адам коронавирус инфекциясынан (44 971 КВИ+ және 6 347 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 

8 851 пациент стационарда, 42 467 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 634 адамның жағдайы ауыр,
  • 165 пациенттің жағдайы өте ауыр,


103 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

baq.kz