Денсаулық

Қыс мезгілінде жүрекке ерекше күтім қажет – кардиолог Михаил Телюк

  • Қыс мезгілінде жүрекке ерекше күтім қажет – кардиолог Михаил Телюк

    Қыс мезгілінде жүрекке ерекше күтім қажет – кардиолог Михаил Телюк

Қатты аяздың жылымыққа ұласуы, боран, құбылмалы ауа-райы – адам денсаулығына әсер етеді. Ал жүрек-қан тамырлары дерті барлардың мұндайда ауруы асқынып, жағдайы нашарлайды. Солтүстік Қазақстан облыстық кардиологиялық орталықтың қарқынды терапия блогының меңгерушісі, өңірдің штаттан тыс бас кардиологы Михаил Телюк ҚазАқпарат тілшісіне қыс мезгілінде жүректі қалыпты ұстауға байланысты бірнеше кеңесін берді.

- Аяз жүрек пен қан тамырларына қалай әсер етеді?
- Климат, ауа райы біздің денсаулығымызға, көңіл-күйімізге әсер етеді. Статистикаға сүйенетін болсақ, жүрек-қан тамырлары аурулары оңтүстіктен солтүстікке, батыстан шығысқа қарай артады. Яғни солтүстікте тұратындар жүрек дерттеріне жиі шалдығады. Соның ішінде әсіресе қаңтар айында емдеу мекемелеріне жүрек ұстамасымен түсетіндер көп, шамамен 30% артады. Оның бір себебі – суық ауа райында қан айналымы бұзылады. Аязда қан тамырлары тарылады, салдарынан жүрекке және басқа мүшелерге қан қажетті деңгейде жетпейді. Бұдан басқа суық ауамен демалу коронарлық артерияның қысылуына әкеледі. Қыста ағзада оттегі жетіспеушілігі бар. Өйткені далаға сирек шығамыз, таза ауа жұтпаймыз.

- Жүрек-қан тамырлары дерттерінің қыс мезгілінде қозуына ауа райы ғана әсер етеді ме?

-Жоқ. Қыста ішетін асымыз өзгереді. Жаз-күз айларында жеміс-жидек қолжетімді, көкөністі көп тұтынамыз. Яғни ағзамыз қажетті дәруменді толығымен алады. Қыста дастарқанымыздан майлы, құнарлы тағамдар, нан-тоқаш өнімдері мен тәттілер үзілмейді. Бұл қан құрамында холестерин мен қантты арттырады. Салдарынан атеросклероз және жүректің ишемиялық ауруы тууы мүмкін. Дәрігерлер арасында «Мерекелік жүрек синдромы» деген түсінік бар. Біздің халық негізінен спирттік ішімдік ішуде шекті білмейді. Арақ-шарапты шектен тыс пайдаланудан жүректің ырғағы бұзылады. Адам көтере алмай өліп кетуі де мүмкін. Бұдан басқа қан қысымы, жүректің жиырылу жиілігі артады. Ағзадағы сұйықтықты тежеп, қан қоюлайды. Салдарынан жүрек ұстамасы ұстайды. Артық тамақ та қан қысымын арттырады, жүрек пен қан тамырларына салмақ түседі.

- Жылы киініп, ішетін асымызға мән бергеніміз жөн ғой?

- Жүрек-қан тамырлары ауруларымен күресудің ең тиімді жолы – салауатты өмір салтын ұстану. Кенеттен болатын өлімнің 30% темекі шегудің салдары. «Ағзаға никотин қауіпті» деген түсінік қалыптасқан. Никотин емес, ол жанған кезде бөлінетін улы заттар қауіпті. Уыты қан тамырын тарылтады, жүректің жиырылу жиілейді және қан қысымы артады. Темекі шегетіндер бұл жаман әдеттен бас тартқан жағдайда олардың жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауру тәуекелі бір-екі жылда шылым тартпайтындармен теңеледі.

Қимыл-қозғалыстың пайдасын да ұмытпаған жөн. Қыста аз қимылдаймыз, салдарынан артық салмақ жинаймыз, ал бұл – жүрекке қосымша ауыртпалық. Бірақ «дене шынықтырумен айналысу тиімді» деп бірден ағзаға үлкен физикалық жүктеме беруге болмайды. Дене белсенділігін бірден арттыру қауіпті, мәселен спортпен айналыспай бірден алыс қашықтыққа жүгіру. Немесе қыста иммунитеттің төмендеуінен ағзамыз түрлі жұқпалы ауруларға шалдыққыш келеді. Бұл да жүрекке әсер етеді.

- Қыс мезгілінде жүрегімізді қалай қорғай аламыз?

- Елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім бірінші орында. Екінші орында қатерлі ісік аурулары келеді. Бұл дерттердің бәрінде тәуекел факторы ұқсас. Олар – өмір сүру салтының аурулары. Өзін-өзі күтетін, дұрыс тамақтанатын, спорт залға баратын, жаман әдеттерден аулақ адамдардың бұл аурулармен ауыру қаупі төмен. Ең алдымен дұрыс тамақтануға кеңес беремін. Жүрек дұрыс жұмыс істеуі үшін балық, көкөніс пен жемісті көбірек жеп, шұжық, тәттілерді, нан, тұздалған өнімдерді аз тұтыну керек. Көбірек далада жүріп, тоңып қалмайтындай жылы киіну керек. Кейде күннің суығында жалаңбас жүрген жастарды көрем. Бұл – да жүрекке қауіпті. Суықтан қан тамырлары тарылып, жүрекке салмақ салады.

Жүрек шаншыса, асқазан ауырса, жалпы жүрек ауруларының белгілері пайда болған жағдайда бірден дәрігердің көмегіне жүгінген жөн. Ауруды ерте бастан анықтаған жағдайда оны емдеп-жазу жеңіл. Қазір Солтүсік Қазақстан облысының еңбекке жарамды тұрғындарының 30% қан қысымы жоғары.Өңірде 90 мың адам жүрек-қан тамырлары ауруларымен есепте тұрса, солардың 56 мыңында артериалды гипертония тіркелген.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Ақерке Дәуренбекқызы




Көрілген: 1145    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.01.2020, 12:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30