Денсаулық

Қытайдан эвакуацияланған қазақстандықтардың денсаулығына қатысты мәлімет жарияланды

  • © ortcom

    © ortcom

ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Ухань қаласынан эвакуацияланған азаматтардың хал-жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

"Уханнан 89 адам эвакуацияланды. Олардың 83-і -қазақстандық (80-і студент), бесеуі - Беларусь азаматы және бір Армения азаматы бар. Олардың барлығынан сынама алынды, жағдайлары қанағаттанарлық деңгейде, дене қызуы қалыпты, ешқандай шағымдары жоқ. Барлығынан коронавирус табылмады. Ол зертхана тексеруімен дәлелденді. Соған қарамастан, оларды барлығы 14 күн карантинде болады", – деді Жандарбек Бекшин арнайы баспасөз мәлихатында.

 

Сондай-ақ ол бұқаралық ақпарат құралдарына, блогерлерге және қарапайым азаматтарға жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын тағы да ескертті.

 

Айта кетейік, 2020 жылдың 2 ақпанында ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы ҚХР Ухань қаласында жүрген 83 қазақстандықты, оның ішінде 80 студентті елге жеткізді. Олар Нұр-Сұлтан қаласынан 7 шақырым қашықтықта орналасқан көпбейінді аурухана жанындағы инфекцияға қарсы арнайы бөлінген корпуста 14 күнге карантинге жатқызылды.

 




Көрілген: 256    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.02.2020, 19:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30