Денсаулық

Қытайдан келген 25 адам ауруханадан шығарылды

  • https://www.bbc.com/

    https://www.bbc.com/

Қазақстанның бас инфекционисі Динагүл Баешова 6 қаңтардан кейін Қытайдан Қазақстанға келген азаматтарды бақылау жұмыстарын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Ұлттық сараптама орталығы вирусты, соның ішінде коронавирусты тасымалдаушы деп күдіктелген адамдарға зертханалық зерттеу жүргізуде. Бұл жұмысқа облыс орталықтарының және республикалық маңызы бар қалалардың барлық вирусологиялық зертханалары тартылған. Мұнда қызуы көтерілген барлық тұрғындар жөнінде емес, 6 қаңтардан бастап Қытайдан келгендер туралы айтып жатырмыз», - деді дәрігер Қазмедиа орталығында өткен брифингіде.

 

31 қаңтардағы жағдай бойынша, Қытайдан келген 66 тұрғын дене қызуымен және ЖРВИ шағымымен оқшауланып, ауруханаларға жатқызылды.

 

«Әзірге 25 адам стационардан шығарылды, 41 адам ауруханада қалды. Барлық бақылаудағы ауруханалардан алынған сынамаларды қосымша зерттеу үшін Алматыдағы Әйтімбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберіп жатырмыз. Бұл орталық жаңа коронавирусты диагностикалайтын Полимеразды тізбекті реакция әдістемесін меңгерген», - деді Д. Баешева.

 




Көрілген: 185    Пікірлер: 0

жұма, 31.01.2020, 17:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30