Денсаулық

Қызметкердің бойында вакцина бар екенін қалай тексереді

  • Сурет: Алматы қаласының әкімдігі

    Сурет: Алматы қаласының әкімдігі

Белгілі бір салаларда қызметкерлердің вакцина алғаны кадр бөлімі арқылы тексерілетін болады. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Тексеруді аурухана эпидемиологтарының өздері жүргізеді, бізде де бақылау пункттері бар. 15 шілдеден кейін мониторингтік топтардың жұмысы Бас санитариялық дәрігердің барлық контингентті вакцинациялау туралы 31-ші қаулысының орындалуын бақылауға бағытталады. Әрине, таңдау арқылы тексерістер болады, - деді Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 

Қызметкерлерді қалай тексеруге болатыны туралы сұраққа бас санитарлық дәрігер мониторингтік топтар қызметкерлерді мазаламайды деп жауап берді. Олар кадрлар бөліміне барады.

 

Олардың кадрлар бөлімі бар, қызметкерлердің тізімі бар, мәліметтер базасы қарауға болады. Барлық қызметкерді жеке тексеру болмайды, жұмыстарына кедергі жасалмайды. Цифрлық технологияларымыз бұл жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді, - деді ол.

 

Оның сөзінше, егер бір компанияның елдің бас санитариялық дәрігерінің бұйрығын орындамайтыны анықталса, онда оның жұмысын тоқтатуға дейінгі шаралар қолданылады. Бірақ алдымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

 

Күні кеше Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойған. Онда көптеген салаларда вакцина салдырмаған қызметкерлердің жұмысқа кіруіне шектеу қойылатыны айтылған. Олар аптасына бір рет ПТР тестін тапсыруы керек.

 

 

 

 

 




Көрілген: 5138    Пікірлер: 0

жұма, 02.07.2021, 19:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30