Денсаулық

Қызылорда облысында 13 адамнан дельта штамы табылды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қызылорда облысында республикаға жолданған 22 сынаманың 13-інен дельта штамы анықталды. Ол жолданған сынаманың 59 пайызын құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Өңірде жағдай күрделеніп отыр. Өткен демалыс күндері республика көлемінде дельта штамы тасымалданғаны жайлы анықталған. Сондықтан барлық облыстан сынама анализдер алынған болатын. Нақты ақпарат бойынша еліміздің барлық аймағында үнді штамы тіркелген. Оның ішінде 22 сынама жіберген Қызылорда облысында да анықталды», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының мәлімдемесінде екпе егілгеннен кейінгі қалыптасатын иммунитет үнді штамына төтеп бере алады. Сондықтан, ең басты үмітіміз егу шараларына басымдық берілуі қажет.

 

Айта кету керек, жыл басынан бері облыста 7230 адамнан коронавирусты инфекция тіркелген.

 

Сәуір айында 1540 науқас тіркеліп, екінші толқын көтеріліп, басылды.

 

Ал, маусым айының 16-нан кейін бір күнде 26 адам, сонан соң 49 жағдай тіркелген.

 

Бүгінде өңірде карантин шаралары күшейтілді.

 

 

 




Көрілген: 759    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 21:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30