Маман қант диабетінің алдын алатын өнімдерді атады

23 ақпан 2022, 15:21

Дәрігер Алоне Пульде қант диабетінің алдын алумен қатар, ауруды емдеуге әсер ететін өнімдер туралы айтты. Оның пікірінше тағам арқылы аурудың алдын алып, бетін қайтаруға болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маман бұл аурудың адам ағзасында дамуының басты себебі дұрыс тамақтанбау мен салауатты өмір салтын ұстанбаудан болтынын айтты. Қант диабетінің алдын алу жолында пайдалы тағамдармен ауқаттанып, қандағы қант деңгейінің жоғарылауын қалыпқа келтіруге болады.

Ең алдымен рационға көбірек жемістерді қосу керек. Олар дәрумендерге, минералдарға, антиоксиданттар мен фитохимиялық заттарға, сондай-ақ ас қорытуды бәсеңдетуге және қант деңгейін тұрақтандыруға көмектесетін талшыққа бай. Жеміспен бірге көкөністі тұтыну сарапшының пікірінше тиімді комбинация.

“Дәнді дақылдар қандағы қант мөлшерінің бәсеңдеуіне көмектеседі. Сондай-ақ диетаны бұршақ дақылдарымен толықтырған жөн. Себебі олар талшық пен ақуызға бай және гликемиялық индексі төмен. Жаңғақтар мен тұқымдар диабетиктерге өте пайдалы. Оларда керекті дәрумендерден бөлек пайдалы майлардың көп мөлшері бар болғандықтан қандағы қанттың күрт өсуін тежейді. Сонымен қатар жаңғақтар жүрек саулығын жақсартуға көмектеседі”,-деп қорытындылады Пульде.