Денсаулық

Мамандар балдың ел білмейтін 12 емдік қасиетін айтып берді

  • Мамандар балдың ел білмейтін 12 емдік қасиетін айтып берді

    Мамандар балдың ел білмейтін 12 емдік қасиетін айтып берді

Балдың адам денсаулығына пайдалы екенін бәрі біледі. Алайда оның көпшілік біле бермейтін емдік қасиеттері де жетерлік. Осы орайда lifehacker.ru сайты табиғи өнім туралы тың ақпаратпен бөлісті.

Безеуді емдеу

Бал маскасы беттегі дақтар мен безеуден арылуға көмектеседі. Оны дайындау үшін 1 ас қасық бал мен 1 шай қасық зәйтүн майын жақсылап араластыру керек. Оны бетке жағып, 20 минуттан кейін жылы сумен шайыңыз. Бал теріні тазартады және сергітеді.

ГЭРК-ті емдеу

Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (GERK) &ndash бұл өңешке асқазан сөлінің кері лақтырылуынан болатын созылмалы ауру. Бал асқазандағы қышқылдық деңгейін қалыпқа келтіреді.

Өңештің шырышты қабатын жұмсартып, қалпына келтіру үшін 1 шай қасықтан (5 мл) балды күніне екі рет, тамақтанудан бір сағат бұрын жеңіз. 

Стоматитті емдеу

Бал ұсақ қабынуды жеңуге көмектеседі және стоматит белгілерін жеңілдетеді. Мақтаны сулап, онымен ауыздағы жараны сүртіңіз. Содан кейін құрғақ мақтаға бал жағып, оны ауыздағы жараға басыңыз. Бұл процедураны күніне бірнеше рет қайталаңыз.

Жөтелді емдеу

200 г жылы суға жарты шай қасық кофе мен 2,5 шай қасық бал араластырыңыз. Күніне үш рет ішіңіз. Бал өңеш қабынуын басады. Ал кофеин болса, бронхты кеңейтіп, тыныс алуды жеңілдетеді.

Экзема мен себореялық дерматитті емдеу

Экзема терінің кедір-бұдыр, қызаруы, қышуы және табиғи түрде қан кетуіне себеп болады. Себореялық дерматит кезінде дәл осындай белгілер бет пен баста пайда болады.

Тері қышымасына: ара ұясын (өңделген) спиртке 7 күншылап, 8 күннен бастап қышымаға бірнеше рет жағады. 

Тұмауды емдеу

Бал сонымен қатар тұмаудың белгілерін жоюға көмектеседі. Егер сізде тұмау болса, әр үш сағат сайын 1 ас қасық бал жеңіз. Бал шайы вирустармен күресуге көмектеседі және иммун жүйесін нығайтады.

Ұйқысыздықты емдеу

Бір кесе сүтке 1 ас қасық бал араластырыңыз. Дәміне қарай ваниль немесе даршын қосуға болады. Сүтте мелатонин мен триптофан бар. Олар седативті қасиеттерге ие және ұйқыны қалыпқа келтіреді. Бал инсулин өндірісін ынталандырады, бұл триптофанның миға тез жетуіне көмектеседі.

Жараны емдеу

Кесілген немесе тырналған жерге бал таңғышын байлаңыз. Бал жараға вирус, бактерия түсуіне жол бермейді. Бал бактерияға қарсы қасиетке ие. Бұл протеин аралардың иммун жүйесінің бөлігі. Сондықтан бал бактерияларды құрғатады және жояды.

Геморройды емдеу

1 шай қасық балдан, 50 мл зәйтүн майынан және 50 г балауыздан жақпа жасаңыз. Оны дәкемен орап, күніне екі рет ауырған жерге басыңыз. Бұл ауырсыну, қан кету және тітіркену процестерін азайтады.

Ұшықты емдеу

Ұшықты емдеу үшін оған күніне төрт рет бал жағылған матаны басып таңу керек.

Жарылған ерінді емдеу

Балды ерінге скраб ретінде қолданыңыз. Ол жарылған ерінді жұмсартады және ылғалдандырады.

Жаттығудан кейін қалпына келтіру

Бал жаттығудан кейін қандағы қант деңгейін қалыпқа келтіреді. Егер сіз жаттығу кезінде бал жесеңіз, бұл сіздің спорттағы көрсеткіштеріңізді жақсартады.

kaz.nur.kz




Көрілген: 3695    Пікірлер: 0

сенбі, 26.12.2020, 01:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31