Денсаулық

МӘМС жүйесі: Биылдан бастап қалай емделеміз

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

2020 жылдан бастап халыққа медициналық қызметтің екі түрі көрсетіледі. Біріншісі – Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңа моделі. Бұл – әрбір адам үшін жедел және шұғыл жағдайларда көрсетілетін көмек. ТМККК жаңа моделі – қоғамда маңызды ауруларды бақылауда ұстайтын, әрбір адамға арналған медициналық көмектің минималды қажетті көлемі.

МӘМС жүйесі: Биылдан бастап қалай емделеміз

ТМККК жаңа моделі халықты жаппай денсаулық сақтау қызметтерімен қамтиды және медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу-қатыспауына қарамастан әрбір қазақстандыққа медициналық қызметтің негізгі түрлері қолжетімді болады.

ТМККК жаңа моделі аясында жедел жәрдем және санитарлық авиация; бастапқы медициналық-санитарлық көмек; шұғыл стационарлық көмек; паллиативтік көмек; онкология және туберкулезді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар аурулар, негізгі созылмалы ауруларға арналған медициналық көмектің толық спектрі көрсетіледі. Әлеуметтік маңызы бар және 25 негізгі созылмалы ауру бойынша консультациялық-диагностикалық көмек; амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; стационарды алмастыратын көмек; жоспарлы стационарлық көмек; туберкулез кезіндегі медициналық оңалту қызметтері бар.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде кез келген адам халықтың нысаналы топтарын профилактикалық егу және медициналық тексеру (скринингтер), 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті бақылау, созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық бақылау, әлеуметтік маңызы бар ауруларға медициналық-әлеуметтік көмек, шұғыл медициналық көмек, пациент жүгінген кезде БМСК маманының қабылдауы және кеңес беруі (жіті және созылмалы аурулардың асқынуы), салауатты өмір салты, репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша пациенттерге кеңес беру сияқты медициналық қызмет ала алады.

Консультациялық-диагностикалық көмек шеңберінде динамикалық бақылау, әлеуметтік маңызды ауруға шалдыққан адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек, динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруы бар адамдарды бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беруі, диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика секілді көмек көрсетіледі. Ал, ТМККК пакетіндегі халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған шұғыл стоматологиялық көмек МӘМС пакетіне өтті.

Стационарды алмастыратын көмек деңгейінде әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруларды емдеу, тәулік бойы стационарда емдеуді қажет етпейтін науқасқа диагноз қойғанға дейін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізу сияқты медициналық көмек көрсетіледі.

Стационарлық көмек деңгейіне жедел айғақтар бойынша ауруханаға жатқызу (азаматтардың барлық санаты), динамикалық бақылауға жататын негізгі созылмалы ауруларға жоспарлы стационарлық көмек, әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, жұқпалы ауруларды және қауіп төндіретін ауруларды емдеу жатады.

Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту бойынша туберкулезге шалдыққан адамдарға медициналық оңалту, туберкулезбен және онкологиялық аурулармен ауыратындарға, терминалдық кезеңдегі созылмалы аурулар, тұрақты күтімге мұқтаж, өзіне-өзі қызмет көрсетуге толық немесе ішінара қабілетсіз адамдарға паллиативтік көмек көрсетілетін болады.

Амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейіндегі көмекке динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруларды емдеу, әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, мамандандырылған емдеу өнімдерімен, иммунобиологиялық препараттармен қамтамасыз ету сияқты қызметтер кіреді. Сондай-ақ балалар амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру арқылы қандай нәтижеге қол жеткіземіз?

жалпы практика дәрігерлерінің учаскелерін біріктіру (2,2 мыңнан 1,7 мың адамға дейін);
әлеуметтік маңызды және 25 негізгі созылмалы ауруды (онкология, туберкулез, АИТВ/ЖИТС, диабет, жүрек-қан тамырлары және т. б.) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
халықты медициналық көмектің минималды көлемімен толық қамту;
халықтың 70 пайызын зардап шегетін негізгі созылмалы жұқпалы емес ауруларға тегін медициналық көмектің толық спектрін көрсету;
азаматтардың мемлекет кепілдік берген тегін медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерге өз қалталарынан шығатын шығынын азайту;
пациенттерді өз денсаулығын өзі бақылауға және денсаулықты басқарудың арнайы бағдарламаларына үйрету;
азаматтарды ТМККК және МӘМС бойынша өз құқықтары мен міндеттері жайлы ақпараттандыру.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңартылған моделі барлық халыққа бірдей және тұрақты түрде көрсетілетін қызметтердің минималды жиынтығы болып қала береді, ал сақтандыру пакеті (МӘМС) жүйеге қатысушылардың әрқайсысы үшін басқа да мүмкіндіктер беретін қосымша қызмет болып табылады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі барлық төлемші болып табылатын азамат үшін де, оның жұмыс берушісі (көбінесе мемлекет болып табылатын) үшін де сенімді әрі ұтымды.

Азаматтың денсаулығы үшін үш тарап ортақ жауапкершілік алатын болса да, әркім өз қажеттілігіне қарай медициналық көмек ала отырып, өз мүмкіндіктеріне қарай төлейді. МӘМС-тің ең маңызды ерекшелігі – оның әлеуметтік бағыты, яғни, мемлекет қоғамның әлеуметтік әлсіз адамдарының үлкен тобын өз қамқорлығына алады және олардың орнына жарнаны өзі төлейді. Солай бола тұра, медициналық сақтандырылған барлық адам медициналық қызметтің бірыңғай сақтандыру пакетіне тең дәрежеде ие бола алады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті – әр адамның өмір сүру сапасын жақсартатын медициналық көмек және болашақ ұрпақ денсаулығының негізі. Бұл пакет сақтандырылған адамдар үшін ғана көрсетіледі. МӘМС пакетіне ТМККК-ден тыс медициналық қызметтер кіреді.

Бұл қымбат зертханалық қызметтер мен тексерулер, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарды алмастыратын медициналық көмек, жоспарлы емдеуге жатқызу, қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту, жүкті әйелдердің медициналық-генетикалық скринингі.

МӘМС жүйесі: Биылдан бастап қалай емделеміз

Консультациялық-диагностикалық көмек деңгейінде ересектерді және 18 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық мамандандырылған медициналық (скринингтік) тексеру (жылына 1 рет), стоматология қызметтері (18 жасқа дейінгі балалар, мүгедектер, зейнеткерлер, көп балалы аналар үшін), дәрігер-маманның қабылдауы, кеңес беруі көрсетіледі.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде динамикалық бақылауға жатпайтын созылмалы аурулары бар пациенттерді дәрігер-мамандар бақылайды. Зертханалық диагностика мен аспаптық зерттеулер және функционалдық диагностика да осы деңгейде көрсетіледі.

Стационарды алмастыратын көмек деңгейінде пациентті ауруханаға жатқызу керек болғанда және ауруы асқынғанда емдеу (эстетикалық пластикалық операцияларды қоспағанда), өзі жүріп-тұра алмайтын, мүмкіндігі шектеулі адамдардың созылмалы ауруы асқынғанда және жедел жағдайда үйде стационарлық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ бейінді мамандар қарап, кеңес береді. Диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану да бар.

Стационарлық көмек деңгейінде бейінді мамандар қарап, кеңес береді. Мұнда сонымен бірге диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика, пациентті ауруханаға жатқызу керек болғанда және ауруы асқынғанда емдеу (эстетикалық пластикалық операцияларды қоспағанда), қан және оның компоненттерімен қамтамасыз ету, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану, медициналық оңалту және қалпына келтіру емі, емдік тағам кіреді.

Паллиативтік көмек бойынша мейірбике күтімі, қалпына келтіру емі және медициналық оңалтуға ересектер мен балаларға мамандандырылған орталықтарда (оңалту бөлімшелерінде) медициналық оңалту емі, балалар мен мүгедектерге амбулаториялық медициналық оңалту емі көрсетіледі.

Амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейіне ересектерге арналған жіті ауруларды емдеу (7 ауру тобы), дәрілік заттарды қолдана отырып, стационарлық емді амбулаториялық деңгейге ауыстыру, БМСК деңгейінде динамикалық бақылауға жататын ауруларды емдеу (12 ауру тобы), КДК деңгейінде динамикалық бақылауға жататын ауруларды емдеу (21 ауру тобы), амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарына көшу жатады.

МӘМС жүйесін енгізудің нәтижесінде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 1,5 есеге артады. Сондай-ақ азаматтардың өз қалтасынан шығаратын шығыны 2025 жылға қарай 42%-дан 30%-ға дейін төмендейді. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) көрсетуге арналған шығыстар 40-тан 50%-ға дейін өседі. Халық қажетті тегін медициналық көмектің базалық көлемімен қамтамасыз етіледі. Дені сау ересектерге арналған профилактикалық тексерулер енгізіледі және ауруды басқару бағдарламасы аясында аурулар тізімі кеңейтіледі.

Шығыны аз, үнемді стационарды алмастыратын көмектің қолжетімділігі артады. Науқас тек шұғыл жағдайларда стационарда емделеді немесе жоспарлы түрде, бірақ әлеуметтік маңызы бар, созылмалы немесе қоғамға қауіпті аурулар ауруханаға жатады. Медициналық көмектің қолжетімділігі айтарлықтай артады. Консультациялық-диагностикалық көмек 5 есеге, оңалту және қалпына келтіру емі 2,7 есеге артады. 2020 жылы 3,5 млн. адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

Осы орайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды немесе аударымдарды тұрақты түрде төлеп отыру маңызды. Оның мөлшерін есептеу оңай. Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгені құрайтын болады. МӘМС төлемдері осы көрсеткішке байланысты бекітіледі. Мысалы, оның лимиті – 10 ең төменгі жалақы. Яғни, сіздің табысыңыз осы көрсеткіштен жоғары болса да, төлем 10 ең аз жалақы мөлшерінің 2 пайызынан аспайды.

Яғни, төмендегідей есептеледі:

жұмыс берушінің бір жұмысшыға бөлетін аударымының максималды мөлшері - айына 8 500 теңге (егер жұмысшының айлық кірісі 425 000 теңге және одан жоғары болса);
жұмысшының өзі үшін бөлетін аударымының (жалақыдан) максималды мөлшері - айына 4 250 теңге (егер жұмысшының айлық кірісі 425 000 теңге және одан жоғары болса);
жеке кәсіпкердің айлық салымы - 2 975 теңге (1,4 ең төмен жалақының 5 пайызы деп бекітілген);
өз бетінше төлеушілердің айлық салымы - 2 125 теңге (1 ең төмен жалақының 5 пайызы деп бекітілген).
Осы сомаларды төлеу арқылы адам МӘМС шеңберінде өзіне қажет қызметтердің барлық түрін ала алады. Бұл көрсеткішті медициналық қызметтің нақты құнымен салыстырып көрелік. Қазіргі уақытта Қазақстанда дәрігердің бастапқы қабылдауының құны 3-5 мың теңге тұрады, ал МӘМС жүйесі енгізілуінің арқасында сіз осы сомаға қызмет пакетін толық ала аласыз. Пайдасы айқын. Оны үстіне өтемін мемлекет жасайтын жеңілдігі бар 15 санатты ұмытпаңыз.

МӘМС жүйесін тиімді пайдаланудың көптеген әдістері бар. Асқынған немесе созылмалы ауруы жоқ адам үшін дұрысы – жүйелі түрде профилактикадан өту. Міндетті әлеуметтік сақтандыру пакеті осыған бағытталған. Мұнда медициналық сақтандыруы бар азаматтарға сырқатын ертерек анықтап, дер кезінде емдеуге мүмкіндік беретін жоспарлы және диагностикалық медициналық қызметтердің кең спектрі ұсынылады. 

kaz.nur.kz




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.01.2020, 11:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30