Денсаулық

МӘМС жүйесінде әлеуметтік мәртебені қалай білуге болады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ал 2020 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер, нотариустар, жұмысшылар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және басқа да еңбек түрлерімен айналысатын тұлғалар МӘМС жүйесі аясында медициналық көмек алу үшін жарна төлей бастайды. Жарна мөлшері азаматтың мәртебесіне байланысты болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, қазіргі таңда МӘМС үшін аударымдарды жұмыс берушілер өздерінің жұмысшылары үшін ай сайын 1,5% мөлшерінде төлейді.


Ал 2020 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер, нотариустар, жұмысшылар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және басқа да еңбек түрлерімен айналысатын тұлғалар МӘМС жүйесі аясында медициналық көмек алу үшін жарна төлей бастайды.


Жарна мөлшері азаматтың мәртебесіне байланысты болады.


Әрбір азамат МӘМС жүйесінің қатысушысы бола отыра, жүйе аясында медициналық қызмет алу үшін өзінің әлеуметтік мәртебесін анықтауы тиіс.


Мәртебесі анықталмаған тұлғалар үшін МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтер қолжетімсіз болады. Әлеуметтік мәртебені анықтаудың бірнеше жолы бар. Біріншіден, егер азамат бейресми жұмыс істейтін болса, онда ол жұмыс берушімен еңбек шартын жасауы керек. Екіншіден, егер азамат табыс әкелетін қандай да бір кәсіпкерлікпен айналысатын болса, онда салық органдарында тіркелуі тиіс.


Егер азаматтың табыс көзі болмай, жұмыссыз болса, тұрғылықты мекенжайы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуі керек. Орталықта азаматты жұмысқа орналастыру және кәсіби қайта даярлау бойынша қолдау көрсетіледі. Жұмыссыз мәртебесін алған азаматтар жеңілдігі бар санатқа жатқызылады. Олар медициналық сақтандыруды мемлекет тарапынан алуға құқылы.


МӘМС шеңберінде әлеуметтік мәртебені анықтау egov.kz порталында да қолжетімді. Ол үшін «Тексеру сервистері» бөлімінен «Әлеуметтік мәртебесін тексеру» қызметін таңдап, өзіңіздің ЖСН-ды теріп, өтініш жібересіз. Бұл ретте жауап қолма-қол қайтарылады.


Қызметті электрондық цифрлық қолтаңба арқылы порталға тіркелген жағдайда алуға болады.


Айта кетерлігі, Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Міндетті медициналық сақтандыру пакеті халық үшін 2020 жылдан бастап қолжетімді болады.


 




Көрілген: 621    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.10.2018, 11:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30