Денсаулық

МӘМС: Тегін стоматологиялық көмек көрсетіледі

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Биылдан бастап белгілі бір санаттағы азаматтар стоматологиялық көмекке елдегі кез келген емдеу ұйымы арқылы қол жеткізе алады. Бұған қаңтардан бастап енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ Алматы қалалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, 2020 жылдан бастап стоматологиялық қызмет ақысын төлеу схемасы өзгерді. Бұрын қызмет ақысы консультативтік-диагностикалық қызмет көрсететін клиникаға тікелей аударылатын болса, биылдан бастап емханалар арқылы төленеді. Ол үшін емдеу ұйымдары арасында қосымша келісімшарт бекітіледі.

 

«Сақтандыру енгізілгенге дейін стоматологиялық көмек тек пациенттің тіркелген емханасы арқылы ғана көрсетілетін. Жаңа жүйенің арқасында аталған санаттағы азаматтар бұл қызметті еліміздің кез келген жерінде пайдалана алады. Мысалы, қаңтар айында алматылық пациенттерге Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстарының, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының емдеу мекемелерінде стоматологиялық қызметтер көрсетілген. Яғни, пациент тісін қай жерде емдетсе, ақша сол клиникаға түседі», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

 

МСҚ қалалық филиалы мәліметіне сүйенсек, биылдан бастап азаматтардың жекелеген санаттары, дәлірек айтқанда, 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер амбулатория деңгейіндегі стоматологиялық көмекті сақтандыру пакеті арқылы ала алады.


Олар:

тісті жансыздандыру,

пломба салу,

терапевтің қабылдауы,

пульпит пен периодонтитті емдеу,

гипоплазия мен флюороз салдарынан анатомиялық пішіні бұзылған тісті толық қалпына келтіру сынды тағы да басқа қызметтерді пайдалана алады.

 

Сонымен қатар,

тісті жұлдыру,

тіл мен ерін жүгеншігіндегі ақауды жою, жақты рентгенге түсіру,

анестезия сынды қызметтер де осы пакет шеңберінде көрсетіледі.

 

Ал, шұғыл стоматологиялық көмек бұрынғыша мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінде қалдырылды.


Шұғыл көмекке

 

18 жасқа дейінгі балалар,

жүкті әйелдер,

Екінші дүниежүзілік соғысына қатысушылар,

1,2,3 топтағы мүгедектер,

«Алтын алқа», «Күміс алқа» иеленген көп балалы аналар,

атаулы әлеуметтік көмек алушылар,

жасына қарай зейнетке шыққандар,

жұқпалы, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққан пациенттер жүгіне алады.

 

Мысалы, хирургтің қабылдауы, тісті жұлу, абсцесті ашып тазарту, одонтегенді ісікті кесіп алып тастау, альвеолитті емдеу, тіс тамыры невритін емдеу, ауыз қуысындағы жұмсақ тіндерді кесіп алып тастау, жақ-бет сүйегіндегі жараларды емдеу тағы басқа қызметтер тегін.

 

Сондай-ақ, жақ-бет сүйегі ақауымен туған нәрестелерге арналған ортодонтиялық көмек түрлері де мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетіледі.

 

Жалпы, қазір Алматы қаласында 75 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 75 клиника (емхана) тіркелген. Оның 23-і стоматологиялық көмекке бейімделген. Тағы 9 клиника қосымша келісімшарт негізінде стоматологиялық қызмет көрсетеді.

 

«Жаңа жүйе пациенттің стоматологиялық клиниканы таңдауына мүмкіндік беріп отыр. Бірақ азаматтардың көп жағдайда өз құқықтарын білмей жататыны да жасырын емес. Өкінішке орай, пациенттердің стоматологиялық клиниканы таңдау құқығын барлық емханалар бірдей сақтай бермейді. Себебі, пациент таңдауды тіркелген емханасы арқылы жасайды, қызмет ақысы да сол емхана арқылы төленеді. Сондықтан біз пациент құқығын қорғау мақсатында барлық клиникалармен жан-жақты жұмыс істеп жатырмыз», - деді филиал басшысы.

 

Медициналық көмек көрсету барысында құқығы бұзылған тұрғындар Медициналық сақтандыру қорының 1406 байланыс нөміріне шағымдана алады.

 




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.03.2020, 17:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30