Маусым айындағы ең қауіпті күндер аталды

06 маусым 2022, 22:58

Астрономдар маусым айында магнит дауылы болады деген болжам жасады. Мамандар жаздың бірінші айында күн белсенділігі мен геомагниттік жағдай қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Денені олардың ықтимал әсерлеріне дайындауға уақыт табу үшін магнит дауылдарының күнтізбесімен алдын ала танысқан жөн. Дәл қазір күн дақтарының ешқайсысы күшті күн алауларына қауіп төндірмейді, – деп жазды Spaceweather.

 

Дәрігерлер магниттік ауытқулардың алдындағы күндерде және магнит дауылы күндері алкоголь мен ауыр тағамдардан бас тартуды, жеңіл диетаны ұстануға тырысуды ұсынады.

 

Суды, шөп шайды, компотты көбірек ішу керек;

 

Кофе мен қою шайдан бас тартқан жөн;

 

Ашық ауада көбірек уақыт өткізген дұрыс;

 

Кез келген ауыр физикалық белсенділікті басқа кезеңге кейінге қалдыру ұсынылады;

 

Ұйқы режимін қайта қарау керек.

 

Маусымдағы магнит дауылдары: 

10-12 маусым салыстырмалы түрде шамалы геомагниттік ауытқулар болады. Олардың шарықтау шегі 11 маусымда.

 

15-17 маусым осы айдағы ең күшті магнит дауылы болады. Шарықтау шегі 16 маусымда.

 

23-25-24 маусымда ең жоғары қарқындылығымен шамалы геомагниттік ауытқулар болады.

 

30 маусым әлсіз магнит дауылы болжанды.