Маймыл шешек вирусын тоқтатуға болады - ДДСҰ

24 мамыр 2022, 09:02

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Африкадан тыс жерлерде маймыл шешек вирусына қарсы жаппай вакцина алудың қажеті жоқ деп санайды, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Еуропа мен Солтүстік Американың денсаулық сақтау органдары вирус эндемиялық екенін, Африкадан тыс жерлерде расталған вирустың 100-ден аса жағдайын зерттеп жатыр.

Мамандардың пікірінше, бірақ бұл вирустан халық үшін қауіпі өте төмен.

"Біз вирустың адамнан адамға таралуын тоқтатқымыз келеді. Біз мұны эндемиялық емес елдерде жасай аламыз. Маймыл шешегі адамдар арасында оңай таралмайды және коронавируспен салыстыруға келмейді", - дейді ДДСҰ сарапшысы Мария Ван Керхове.

kaz.tengrinews.kz