Медицина мамандары шетелге кетіп жатыр

19 мамыр 2022, 19:49

Мыңнан аса медициналық маман шет мемлекеттерге кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Жыл сайын кәсіби мамандар жалақының төмендігі, ауыр еңбек жағдайлары, мансаптық өсу перспективаларының болмауынан жұмыстан шыққаны хақ.

 

Бұл туралы Ғылым және адами ресурстар департаменті мамандары мәлімдеді.

 

Түйткілді мәселені шешу үшін медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру жөніндегі шаралар заңнамаға енгізіледі.

 

Медицина қызметкерлерінің саны шамамен 270 мың, оның 78 мыңнан астамы дәрігер, қалғаны орта медициналық қызметкер.

 

Гүлнафис Жүсіпалиева, Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары:

 

– 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кезең-кезеңімен дәрігердің жалақысы орта есеппен 30 процентке, яки 189 мың теңгеден 246 мың теңгеге дейін өсті. Сондай-ақ шетелдік университеттердің тәжірибесіне сәйкес мамандарды даярлау стандарттары қайта қаралып, жаңартылды. Медициналық жоғары оқу орындарында, колледждерде білім алушылар мен түлектеріне тәуелсіз бағалау заңнамалық түрде бекітілді және енгізілді.