Денсаулық

Медициналық сақтандыру жүйесі: Жеке клиникаларда тегін емделуге болады

  • Медициналық сақтандыру жүйесі: Жеке клиникаларда тегін емделуге болады

    Медициналық сақтандыру жүйесі: Жеке клиникаларда тегін емделуге болады

МӘМС жүйесі бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымын, яғни емхананы еркін таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ереже жеке клиникаларға да қолданылады. Тек бір ғана шарт &ndash клиника Қормен келісімшартқа отырған қызмет жеткізуші болуы және МӘМС бойынша қызметтер көрсетуі шарт. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорға сілтеме жасап хабарлайды.

 МӘМС жүйесі енгізілгелі бері сұранысқа ие КТ, МРТ, жоғары технологиялық медициналық қызметтер, консультациялық-диагностикалық қызметтер, т.б. (пациенттің ақысыз тексерілуі, емделуі, дәрігер мен бейінді маманның кеңесі, консультациялық-диагностикалық қызметтер, оқалту қызметтер, т.б.) медициналық қызмет түрлерін барлық азаматтардың алу мүмкіндігі артты.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылы медициналық қызмет көрсету үшін Медициналық сақтандыру қорымен 107 қызмет жеткізуші медициналық ұйым келісімшарт жасады, олардың 32-і &ndash мемлекеттік, 67-сі &ndash жекеменшік, 8-і республикалық медицина ұйымдары. ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызмет көрсететін қызмет жеткізушілердің тізімін Қордың ресми сайтынан табуға болады» - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

МӘМС бойынша мемлекеттік медицина ұйымдарында да, жекеменшік медицина орталықтарында да қызмет көрсетіледі.

ҚазАқпарат




Көрілген: 823    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 02:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30