Денсаулық

Мейірбике сәбиге ыстық сумен клизма жасап, жансақтау бөлімінен бірақ шығарған

  • Көрнекі сурет: chips-journal.ru

    Көрнекі сурет: chips-journal.ru

Шымкентте жұқпалы аурулар ауруханасында жасалған клизмадан кейін 10 айлық сәби жансақтау бөліміне түсті. Баланың ата-анасының сөзінше, мейірбике процедураны ыстық сумен жасаған деп жазады vera.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Басылымның мәліметінше, сәби мен анасы 26 наурыз күні ауруханаға түскен. Баланың іші ауырған. Ұл баланың жағдайы едәуір жақсарып қалған. Бірақ 29 наурыз күні оған клизма жасалып, содан кейін ол жансақтау бөліміне түскен.


Баланың әкесі жайдайдың мән-жайын түсіндіріп өтті.


"Клизма жасай бастағанда анасы не үшін ыстық су, қайнаған су пайдаланып жатқандарын сұраған. Оны баланың жанына жібермей, клизма жасаған. Өздері білетіндерін айтқан. Клизманы жасаған бас мейірбике. Бала жылап, ішінен қан аға бастаған", - деді баланың әкесі.

Оның сөзінше, баласы жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір оған ауруды басатын дәрілер салынуыда. Дәретке барған сайын қатты жылайды екен.


Ер адам бүлдіршінді күйік бөлімінің дәрігері және проктолог тексергенін жеткізді.


Балақайдың ата-анасы құқық қорғау органдарына арыз жазған.


Ұл баланың әкесі бұл жағдай болашақта бала денсаулығына кері әсерін тигізе ме деп уайымдап отыр.


Жағдайға қатысты жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаев пікір білдірді. Бұл жағдайды қазір арнайы комисссия тексеріп жатқанын жеткізді.


Оқиғаға қатысы болуы мүмкін екі мейірбике уақытша жұмыстан шеттетілді.


"Баланың жағдайы қанағаттанарлық, қанағаттанарлыққа жақын... Анасымен сөйлестім, ол наразылы жоқ екенін жеткізді", деп мәлімдеді Нұрлыбаев.

Порталдың мәліметінше, бұл отбасының үшінші баласы. Бір жыл бұрын ата-анасы тағы бір балаларынан айырылған. Ол серуенге шығып, суға кетіп қалған.


 




Көрілген: 839    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.04.2019, 10:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31