Денсаулық

Министр жиыннан шығып кеткен соң, бүкіл зал билей жөнелді (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Астанада денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Онда министр Елжан Біртанов 2018 жылды қорытындылап, 2019 жылдың жоспарларымен бөлісті. Баяндамасынан соң ведомство басшысы премьер-министрдің кеңесіне рұқсат сұрап, шұғыл кетіп қалған. Министр есіктен шыққаннан кейін, бүкіл зал билей жөнелді деп жазады NUR.KZ.


Кезекті баяндама басталар алдында барлық қатысушыларға "бой сергіту үшін" үзіліс жариялаған.


Министр Біртанов Астанадағы киноконцерттік залдан шығып кеткеннен кейін, залдағы адамның бәрі орындарынан тұрып, музыка ырғағымен қолдары мен аяқтарын бірдей қимылдата бастаған.


Жаттығудың соңы бимен жалғасқан.


Жаттығу биіне денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері, басқарма жетекшілері, ведомство өкілдері, БАҚ журналистеріне дейін қатысқан.


"Мұндай жаттығудан соң шаршағанымыз басылды деп ойлаймыз. Енді жұмысты жалғастырсақ болады", - деді модератор.


"Мен жаттығудан соң аздап терледім, мүмкін бұл пайдалы шығар", - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Олжас Әбішев.



 




Көрілген: 831    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.02.2019, 11:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31