Денсаулық

Министр Қазақстанда карантин жеңілдейтінін айтты

  • http://www.matritca.kz/

    http://www.matritca.kz/

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой каратинді жеңілдетудің жаңа кезеңін енгізу жоспары туралы айтты.

 

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді.

 

"Күн сайын аурушаңдық көрсеткіші төмендеуде, вакциналанған адамдар саны ұлғайып жатыр. Сол себепті қазіргі уақытта біздің болжамымыз позитивті. Жалпы, жағдай жақсарып келе жатқанын байқап отырмыз, ахуал тұрақты", - деді министр Sputnik Қазақстан тілшісіне.

 

Сондай-ақ министр Қазақстанда вакциналау қарқыны жаман емес екенін айтты.

 

"Ең алдымен, бізге азаматтардың қауіпсіздігі маңызды. Ashyq-ты пайдаланып, спорт шараларын бастап жатырмыз, демалыс күндері "жасыл" статустағыларға жұмыс істеуге рұқсат еттік. Қазір басқа да секторларда осындай жеңілдіктер болады", - деп сендірді министр карантин тағы қандай жағдайда жеңілдеуі мүмкін деген сауалға жауап беріп.

 

Айта кетері, қазір "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

 

"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары орналасқан. "Жасыл" аймақта Түркістан облысы ғана.

 

31 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 6 669 969 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды, екінші компонентті 5 438 316 адам алды.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 439    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.09.2021, 17:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31