Министр ревакцинация қашан басталатынын айтты

06 қазан 2021, 19:09

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингте елімізде қайта вакцинациялау жұмыстары бойынша дайындықтар жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

«Ревакцинацияны сақтықпен жасау керек. Бұл ретте бірінші кезекте халықтың осал топтарын, бірінші қатардағы жұмысшыларды және антиденелері жоқ азаматтарды вакцинациялау қажет. Қазіргі уақытта қандай вакцина және қандай мөлшерде керектігі туралы мәселені біздің иммундау жөніндегі комиссия қарастырып жатыр. Жуырда ведомствоаралық комиссия аталған бағдарламаны бекітуге арналған параматерлерді ұсынады», - деді министр.

 

Ведомство басшысы өз сөзінде министрлік әлемдегі жағдайды бақылап отырғанын және ревакцинация шарасы әр жерде әртүрлі орындалып жатқанын жеткізді.

 

«Жалпы барлық жерде ортақ динамика бар. Көбі 6 айдан 9 айға дейінгі аралықты қамтиды. Бүгінде ревакцинация шарасы вакцинациялау жұмыстары былтыр басталған елдерде жүргізіліп жатыр. Олар қараша, желтоқсан айларында екінші компоненттерін алып үлгерді. Біздегі ревакцинация қараша, желтоқсан айларына сай келеді», - деді Алексей Цой.