Денсаулық

Министр Цой ауылдарды аралап жүр

  • Министр Цой ауылдарды аралап жүр

    Министр Цой ауылдарды аралап жүр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ауылдардағы екпе жұмыстарының барысымен танысты. Министр алдымен Алматы облысының Талдыбұлақ ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға ат басын бұрды. Онда 8,5 мыңнан астам ауыл тұрғынына қызмет көрсетіледі. Мұндағы халықтың жартысынан астамы екпе алуды жоспарлап қойған, - деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Министр екпенің вируспен күресте маңызды екенін айтып, қауіпсіздік шараларын жіті сақтауға кеңес берді. Амбулатория қызметкерлерінен арнайы құрылған мобильді бригада, азаматтарға қоңырау шалып, вакцинация және қауіпсіздік шараларын түсіндіруде.

- Қазір бізде вакцинация қарқынды жүргізіліп жатыр. Кеше ғана 70 мыңға жуық адам егілді, жалпы жарты миллионнан астам азамат вакцинацияланды. Қазақстанның әрбір өңіріне вакцина келіп түсетін кестелер бар. Бұл вакциналар Еуропа, Азия елдерінде де қолданылады және жоғары тиімділік байқалады. Сондықтан біз үшін азаматтардың екпеге қол жеткізуі өте маңызды, халық үшін тегін екенін айта кетейік, - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.




Көрілген: 750    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 10:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30