Денсаулық

Министрлік Молдағасимова көтерген мәселеге қатысты жауап берді

  • Сурет : Facebook Айзат Молдагасимова

    Сурет : Facebook Айзат Молдагасимова

Денсаулық сақтау министрлігі Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының жетекшісі Айзат Молдағасимованың мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді. Бұған дейін ол әлеуметтік желіде бұл орталыққа билік қаржы дұрыс бөлмей жатқанын жазған, деп жазады kaz.zakon.kz.

 

6 қыркүйекте Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының жетекшісі Айзат Молдағасимова өзінің Facebook-тегі парақшасында Орталыққа билік құрылымдары тарапынан өте аз көңіл бөлінеді деп жазды: ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, соңғы үш айда үш рет тексеру жүргізілді, ал қызметкерлерге дер кезінде жалақы төленбейді. өйткені оларға келгенде ақша табылмай қалады.

 

Редакция осы мәселеге қатысты түсінік алу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жүгінді.

 

Олар соңғы үш жылда (2018-2020) Орталықты бір рет қана тексергенін хабарлады. Аудит жоспарлы түрде қаржы-шаруашылық қызметі мәселесі бойынша жүргізілген. Анықталған заңбұзушылықтар ішкі қызметке қатысты болды. 2020 жылы министрлік тарапынан Орталыққа тексеру жүргізілген жоқ.

 

- Ғалымдардың жалақыларына келетін болсақ, бұл сома мемлекеттік меншік туралы бапқа сәйкес анықталып, белгіленеді, - деп жауап берді министрліктегілер

 

Ғимараттың жөнделмеуіне байланысты факті бойынша Денсаулық сақтау министрлігі мынаны хабарлады:

 

Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы Ұлттық денсаулық сақтау орталығының балансына берілгенге дейін (2010-2012 жж.) ондағы жекелеген ғимараттарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Зертханалық зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғимараттар жөндеуден өтті.

 

"Денсаулық сақтау министрлігі Молдағасимова жазған мәселелерді шешу үшін қандай шаралар қолданады" деген сұраққа олар келесідей жауап берді:

 

- Министрлік гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының ғылыми әлеуетін қолдау бойынша шаралар қабылдайды.

 




Көрілген: 396    Пікірлер: 0

жұма, 11.09.2020, 17:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31