Денсаулық

Министрлік науқастарды симптомды және симптомсыз деп бөлуді неге тоқтатқанын айтты

  • Министрлік науқастарды симптомды және симптомсыз деп бөлуді неге тоқтатқанын айтты

    Министрлік науқастарды симптомды және симптомсыз деп бөлуді неге тоқтатқанын айтты

Бағдат Қожахметов қоғамда сандарды шатастыратындар көбейіп кеткенін, сол себепті күн сайын жарияланатын мәліметтерді екіге бөлу тоқтатылғанын атап өтті.

 

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған пациенттердің статистикасын жариялағанда, оларды симптомды және симптомсыз деп бөлуді неге тоқтатқанын түсіндірді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Жалпы тамыз-қыркүйек айларында симптомды және симптомсыз коронавируспен ауыру статистикасы біріктірілген болатын. Мұндай тәжірибе болжамдар жасайтын және медицинаның мүмкіншілігін есептейтін сарапшылар үшін ғана тиімді екеніне көзіміз жетті. Ал қоғамда сандарды шатастырып, түсінбейтін тұстары көбейіп кетті. Сол себепті күн сайын жарияланатын мәліметтерді екіге бөліп беруді тоқтаттық", - деді Қожахметов онлайн баспасөз мәслихатында.

 

Десе де, бұқаралық ақпарат құралдары статистикалық деректерді ажыратып беруді сұраса, онда министрлік сұрау хат арқылы тиісті мәлімет ұсынуға дайын.

 

Соңғы деректер бойынша коронавирус жұқтырғандар саны республикада 106 661 адамға жетті. Оның 94,1 проценті жазылып шықты.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

сенбі, 12.09.2020, 01:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31