Денсаулық

Министрлік неліктен үш өңірде коронавирус жұқтырғандар саны артқанын түсіндірді

  • © Sputnik / Евгений Епанчинцев

    © Sputnik / Евгений Епанчинцев

Атырау және Түркістан облыстарында коронавирус жұқтырғандардың көбеюі "Теңізшевройл" компаниясы қызметкерлерінен вирус табылуымен байланысты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Ол вирус жұқтыру ошағы Атырау облысындағы "Теңізшевройл" компаниясында, оның мердігер және субмердігер ұйымдарында екенін атап өтті.

 

"Бұл жабық ұжымдар. Қазір онда барлық қызметкер жаппай тест тапсырып жатыр. Атырау облысындағы едәуір өсім осы тексерістермен байланысты", – деді Сұлтанғазиев денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында өткен тікелей эфирде.

 

Ал Түркістан облысының статистикасына "Теңізшевройл" кәсіпорындарынан үйлеріне оралған вахташылар әсер еткен.

 

"Алгоритм пысықталды. Үйіне оралған вахташылар бірден оқшауланып, олардан анализ алынады", – деді комитет төрағасы.

 

Айтуынша, Шымкентте де осыған ұқсас жағдай. PetroKazakhstan компаниясының қызметкері тұмау белгілерімен ауруханаға жүгінген. Осыдан кейін компания басшылығы барлық қызметкерін тестен өткізуге шешім қабылдаған.

 

"Вирус жұқтырғандардың көбеюі, яғни өсім нақты бір ұжыммен байланысты", – деп түсіндірді Сұлтанғазиев.

 

Ол бұл өңірлерде карантин шаралары жеңілдетілмейтінін атап өтті. Керісінше, егер бұл облыстарда инфекция тыйылмаса, карантинді күшейту мәселесі қаралуы мүмкін.

 

 

 




Көрілген: 307    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.05.2020, 18:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31