Денсаулық

Мұздай судың ішінде 40 минут тұрған елорда тұрғыны жаңа рекорд орнатты

  • Мұздай судың ішінде 40 минут тұрған елорда тұрғыны жаңа рекорд орнатты

    Мұздай судың ішінде 40 минут тұрған елорда тұрғыны жаңа рекорд орнатты

 Елорда тұрығы Қайырбек Аяшев мұздай судың ішінде тұрудан Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Ол Есіл өзеніндегі ойықтың ішінде 40 минут болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанның алғашқы рекордын Аяшев өткен жылдың 19 қаңтарында орнатқан еді, ол мұздай судың ішінде 35 минут 15 секунд болды.

Қайырбек Аяшев деген кім?

Нұр-Сұлтан қаласының қырық жастағы тұрғынын елордалықтар жақсы таниды. Ол 12 жылдан бері қысы-жазы ауа райына қарамастан қысқа жеңді киім мен жеңіл шалбармен жүреді.

Қайырбек Аяшев қыста далада қысқа жеңді жейдемен жүреді. © SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ
Аяшев жыл бойына ағзасын шынықтырып, спортпен айналысады. Айтуынша, бар дайындығы осы ғана.

"Мені морж деп айтқан дұрыс емес, өйткені мен ойыққа түсумен айналыспаймын. Тек жылына бір рет қана, крещение кезінде ғана суға түсемін. Осы ретте діндар адамдардан, егер кедергі келтіріп жатсам, кешірім сұрағым келеді", - дейді Қайырбек Аяшев.

Құтқарушылар Қайырбек Аяшевтің халін бақылап тұр. © SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ

Айта кетсек, әлемдік рекордты 2012 жылы 24 наурызда ресейлік Дмитрий Балабанов орнатқан еді, оның уақыты – 2 сағат. Әйелдер арасындағы рекорд Осман Делибашқа тиесілі, ол мұздай судың ішінде 60 минут тұрды. 




Көрілген: 200    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.01.2020, 20:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30