Мыңнан аса сәбидің есту және көру қабілеті дұрыс дамымаған

18 мамыр 2022, 08:26

Биыл елімізде дүниеге келген мыңнан астам сәбидің есту және көру қабілеті нашар екені анықталған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында эхокардиографиялық скрининг жүргізу тәжірибесі жүріп жатыр.

 

«Дер кезінде жасалған медициналық тексеріс – сәтті емнің кепілі», – дейді дәрігерлер.

 

Жыл сайын бұл орталықта мыңдаған сәби дүниеге келеді. Бала туған күннен бастап бір айға дейін скринингтен өтеді.

 

Жалпы скриниг дегеніміз – ауруды және оның туындауына әсер ететін факторларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін медициналық зерттеулер жиынтығы. Яғни аурушаңдық пен мүгедектікті алдын-алуға жасалатын амал. Орталықта жүйке жүйесінің зақымдауын ерте кезден анықтайтын психофизикалық, жүрек-қан тамырларын тексеретін кардиохирургиялық және шала туған балаларға эхокардиографиялық скрининг жасалады.

 

Нышангүл Божбанбаева, бас неонатолог:

 

– Фенолкентунирия және туабіткен гипотериоз деген екі ауруға жүргізеді. Ол жалпы скрининг деген ол бүкіл балаларды республика бойынша зерттейді. Ол оң нәтиже берсе балларды учетқа қойып, емдейді. Сонымен қатар бізде офтольмлогиялық скрининг енгізілген. Ол шала туылған балалардың көз көрмеуі болады. Ретинопатия деген. Сол ауруды ертерек зерттеп, өзінің белгілі мерзімдері бар. Сол бойынша зерттеп оларды анықтап, одан кейін емдейді.

 

Медицинада скрининг ана құрсағындағы шаранаға да жасалады. Перинатальды диагностика арқылы шарананың енді ғана қалыптасып жатқан ағзасында болуы мүмкін аномалиялар анықталады.

 

Мамандардың айтуынша, бұл ауруды асқындырмау үшін жасалатын міндетті тексеріс.

 

Мерей Айбек,  дәрігер неонатолог:

 

– Жарқын болашаққа дені сау ұрпақ керек әрқашан. Сол үшін балалардың дені сау болуы керек. Балалардың дені сау болуы үшін дәрігерлер қолынан келгенше атсалысуы керек.

 

Жалпы бұл перинатальдық орталықта туған әр нәрестеге скрининг жасалады. Соңғы төрт айда аудиологиялық скрининг жүргізу нәтижесінде 50-ден астам нәрестенің есту қабілеті нашар екені анықталған. Бірақ оларға дер кезінде ем тағайындалып, дәрігерлер кереңдіктің алдын алды. Сондықтан скриниг қоғамдық денсаулықты сақтап, өмір сүру сапасын жақсартуды мақсат етеді.