Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Нәрестесі шетінеп кеткен анаға перзентхана қомақты қаражат төлейтін болды

04 қаңтар 2018, 15:36

Қарағанды тұрғыны жаңа туған сәбиінің өлімі үшін перзентханадан 1 миллион теңге өтемақы алады, деп хабарлайды Қарағанды облыстық сотының сайты.

Әйел адам жүктілігінің 41-ші аптасында 2016 жылдың 29 желтоқсанында "жалған толғақ пен созылмалы пиелонефрит" диагнозымен перзентханаға түседі. Оның үтіне іштегі бала ірі денелі болған, сол себепті нәрестені кесар тілігімен алыпты. Алайда бес күн өткен соң сәби шетінеп кетеді. Анасының арызында жазылғандай, дәрігерлер баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын ескермепті. Суы кетіп қалған соң, баланы операциямен алғанша 36 сағат өтіп кеткен.

Сот арыз берушінің талаптарын қанағаттандырып, перзентхананы моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге, материалдық шығын ретінде 29 мың теңге төлеуге міндеттеді.

Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Sputnik