Денсаулық

Нейропротез сал болып қалған науқастың тіл қатуына мүмкіндік тудырды (видео)

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Әлемде күн сайын, жыл сайын талай адам жазатайым оқиғадан, майып болудан, инсульттен немесе өзге де аурулардың салдарынан сал болып, сөйлеу қабілетінен айырылып, тілдесуден қалады. Осыны ескерген Сан-Францискодағы Калифорния университетінің (UCSF) ғалымдары мүмкіндігі шектеулі жанға тілдесуге мүмкіндік беретін «сөйлеуге арналған нейропротез» жасады: мидағы импульсты толыққанды сөйлемге айналдыруға мүмкіндік беріп, оны компьютер мониторингісіне шығарады.

 

Бұл жайында islam.kz порталы 24gadget ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бұл нейро протезді UCSF ғалымдары профессор  Эдуард Шанганың жетекшілігімен 10 жыл бойы жасады.

 

Бұл тарапта жүргізілген сынақ тәжірибесі сәтті аяқталды. Тілден қалған адамдармен тілдесу үшін әрбір әріп бойынша сөзді теретін сигналдар пайдаланылатын әдеттегі әдістерден бөлек Чанга әдіснамасында дыбыс жүйесінің бұлшық еттерін басқаруға арналған сигналдарды толық сөзге айналдыратын тәсіл қолданылады.

 

Бұл бағыттағы тәжірибеге қатысқан, инсульт алып, тілден қалған 30 жастағы жігітке аталмыш тәсіл қолданылып көрді.

 

Қазіргі уақытта пациент экранда қорында 50 сөз бар сөздікті пайдалана отырып, сөйлем құрай алады ми импулстарын кодтау минутына 18 сөзге дейінгі жылдамдықпен жүзеге асады (дәлдігі - 93%): Қазіргі уақытта ғалымдар пациенттің сөздік қорын ұлғайтуға әрі ми импульстарын кодталу жылдамдығын арттыруға күш салып жатыр.

 

 

 

 




Көрілген: 435    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.09.2021, 17:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31