Денсаулық

Нұр-Сұлтанда 1 айда екпе алған 9,1 мың адам коронавирус жұқтырған

  • Нұр-Сұлтанда 1 айда екпе алған 9,1 мың адам коронавирус жұқтырған

    Нұр-Сұлтанда 1 айда екпе алған 9,1 мың адам коронавирус жұқтырған

Мамандар мұны төмен көрсеткіш деп бағалап отыр

«ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы SARS-CoV-2 коронавирусы бойынша ПТР-тестінің оң нәтижесін алғандар арасында екпе салдырған адамдар үлесін анықтады деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі зертхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 
2021 жылдың тамыз айында Нұр-Сұлтанда SARS-CoV-2 коронавирусы бойынша ПТР-тестіні 28275 адам тапсырған, оның ішінде 19130 адам – екпе алмағандар және 9145 адам – екпе салдырғандар.

«Вакцина салдырмағандар арасында коронавирус бойынша ПТР-тестінің оң нәтижесін 19,8% пациент немесе 3782 адам алды. Вакцина салдырғандар арасында оң нәтиже тек қана 1,8% адамда немесе 167 пациентте анықталды, - деп хабарлады «КДЛ ОЛИМП» ЖШС бас директоры Ерлан Сүлейменов. - Атап өтерлігі - екпе алғандар қатарында вакцинаның бірінші дозасын ғана салдырғандар, тестіні шетелге шығу үшін, жұмыс орнында көрсету үшін тапсырған клиникалық белгілері жоқ симптомсыз вирус тасымалдаушылар бар», - деп мәлімдеді зертхана басшысы.

«ОЛИМП» КДЗ желісінің жетекшісі бұл мәліметтердің жаппай вакциналаудың тиімділігін көрсеткенін атап өтті.

«Біздің мәліметке сәйкес, екпе алғандар вакцина салдырмағандармен салыстырғанда коронавируспен 10 есе (1,8% 19,8%-ға қарсы) сирек ауырады. Бұдан вакцинаның тиімділігін көруге болады, себебі коронавирус жұқтырғандар қатарында екпе алғандар саны өте аз», - дейді «КДЛ ОЛИМП» ЖШС бас директоры Ерлан Сүлейменов.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 830 мың адамнан асты. Олардың 701 641-і емделіп шыққан.




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

жұма, 03.09.2021, 10:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31