Денсаулық

Нұр-Сұлтанда екінші сынып оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмды

  • © Sputnik / Алексей Куденко

    © Sputnik / Алексей Куденко

Нұр-Сұлтанда 2011 жылы туған қыз көз жұмды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға елордалық полиция департаменті хабарлады.

Қайғылы жағдай туралы ақпарат 14 қаңтар күні сағат 19:33-те түскен. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Қаскелеңдегі төтенше жағдай салдарынан бала көз жұмды - оқиға орнында түсірілген видео

Полицейлер бір күн бұрын қыз өзін жайсыз сезінгенін анықтады. Ата-анасы дәрігерге қаратып, ем жаздырып алған. Келесі күні баланың денсаулығы нашарлап, есінен танып қалады. Оқушы жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі таңда қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сенбі, 18.01.2020, 14:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31