Денсаулық

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған бір науқас ауыр жағдайда жатыр

  • https://www.nytimes.com/

    https://www.nytimes.com/

Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус анықталған тағы үш науқас туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Оның айтуынша, 21 наурызда кешке қарай бір адамнан коронавирус табылған. Ол осы індетке шалдыққан әйелмен жақын байланыста болған.

 

"Ал 22 наурызда тағы екі науқас тіркелді. Біріншісі - Қазақстан азаматы. Ол стационарда бокста коронавирусы бар деген күдікпен жатқан. Диагноз расталды. Қазіргі кезде оның дене қызуы жоқ, бірақ жағдайы ауыр. Екі жақты пневмониясы бар, тыныс алуы қиындап отыр. Консилиум белгіленді", - деді Қисықова онлайн брифингте.

 

Ал үшінші науқас - елшілік қызметкері. Ол коронавирустың қаупі жоғары мемлекеттен келген. Бақылау шаралары кезінде коронавирус анықталды.

 

Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 56 адамға жетті.

 

Соңғы деректер бойынша Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 22, Қарағандыда - 2, Алматы облысында бір адам тіркелді.

 




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.03.2020, 12:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30